Ұл перзентім, жыр перзентім
Бұл бетте «Ұл перзентім, жыр перзентім» атты Бақыт Жасқалиева жазған поэзия туралы өлең берілген.
Жер әлемге, күн көзіндей нұрын төккен еркелеп,
Нар тәуекел іс бастадым бітірсем деп ертерек.
Ашық аспан жер құшағы мұнтаз болып тұр маңың,
Тіршілікте ұлы бақыт – аман-есен тұрғаның.
Түн-тіршілік ұйықтағанда жан-жануар бір тынып,
Өмір – Ана көз ілмейді Ай туады, Күн шығып.
Жыр – толқынды кешіп кейде
таңнан сурет тартасың,
Жан тебірентер Отаныңның әнге қосып әр тасын.
Балбыраған жас сәбидей күлкі тұнған қабағың,
Сенің ерке назды үніңнен жанға рахат табамын.
Тербетемін қос бесікті – ерке балам, ерке өлең,
Қылығы ғой осылардың жүрегімді өртеген.
Өлең – Рух, семсер – шабыт даңқың қайда өрлеген,
Қос перзентім – қос қоңырау маған тыным бермеген.
Өмір – теңіз, Өлең – кеме ақын үшін тіршілік,
Сол айдында жүзіп келем алға қарай құлшынып.
Құлап тұрып, жылап тұрып сыр ұғындым тылсымнан,
Уа, жарық Күн, құшағыңды аш,
мен қызыңмын ұмтылған.
Бар білерім өтер өмір ақ пен қара алмасып,
Жалынғанмен өткен қайтпас,
ал келер күн жан нәсіп!
Мың ойланып, мың толғанып оқы жазған хатымды,
Шығарар деп ұл мен жырдың
қайсысы менің атымды...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі