Көңіл сазы

Бұл бетте «Көңіл сазы» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мендік алда бір жол бар басталмаған,
Тек сол жолда қол бұлғар асқар маған.
Сәби күнің көкжиекте қалды дейді
Керуен күндер жасыма жас жалғаған.
Сәби күнім қалған жер қолын бұлғап,
Жүрегімде сағыныш қалды бір дақ.
Ойым сергіп кетпейді бұлбұл үні
Тіршілікті тұрғанмен тынбай жырлап.
Сәби үні естілсе бұлақ болып,
Жан-дүниеме кетеді шуақ толып.
Кемпірқосақ керілсе қараушы едім,
Көрпесіндей әжемнің құрақ болып.
Қоңыр жел ақ айдынды шайқап есіп,
Шіркін-ай жүгірер ме ем қайта кешіп?
Желтоқсан, мұз қайшыңмен сен барасың
Он өлшеп, көңіл-бұлтын қайта кесіп...
Ойымды арман асқақ таңды үлгі ғып,
Қол создырар талпынтып жандырды үміт.
Шыңды, құзды, жазық бел өмір – жолда,
Еркін аттап, нық басып жүру үшін
Ақ терімді шашамын,
Ақ терімді шашамын – жаңбыр қылып!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері