Тәуелсіздік, сен жырымсың
Бұл бетте «Тәуелсіздік, сен жырымсың» атты Бақыт Жасқалиева жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Ел арманы айта берсек әруақ қолдап жебер деп,
Сан ғасырлар күтті елім осы күнді келер деп.
Білсем-дағы мың кісіден артық сенің зарыңды,
Бір кісідей айта алмадым бірақ сені тереңдеп.
Айта алмаймын бәрі бекер мен өзгеге сенем деп,
Сан сұраққа жауап таппай өткеніме төнем көп.
Нән тарихты жұқа еттің жонып, қиып майдалап,
Өз басынан өткізбеген қалай жазар менен көп!
Сен көтерген нұрлы күннің таң шапақты арайын,
Ғасырымның от жігерлі құдіреті деп санайын.
Тәуелсіздік, өзің берген бейбіт өмір мендегі,
Бар мақсаттың жеткен шыңын –
ақ арманға балайын.
Құдіретіңмен көкке өрлетіп бодан елдің талайын,
Тәуелсіздік алтын шапақ таратқанда арайын.
Бар қуаныш бақыттан тек жан-дүниемде Ай туып,
Ерен іске ие болмай, мен қалайша қалайын?!
Тәуелсіздік, сен кенімсің сан ғасырлар қазбаған,
Тәуелсіздік, сен сенімсің тіршілікте маздаған.
Тәуелсіздік, сен арымсың тапталмаған жат жұртқа,
Тәуелсіздік, сен жырымсың менің әлі жазбаған!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі