Отан
Бұл бетте «Отан» атты Бақыт Жасқалиева жазған отан туралы өлең берілген.
Десек те мәңгі береке, бірлік, шапағат,
Зұлымдық, зорлық – олар да құрып салтанат.
Ақ пен қара арасында күн боп тұр
Баршаға ортақ Отан-Ана махаббат.
Бостандық пен бодандық жолы қатал-ақ,
Ер жігітке осынау жайлар батады-ақ.
Алау ғып жағып өмірін күрес жолында
Пида етіп жанын елімнің мың сан ұлдары,
Отанға деген махаббатқа ұлы қаталап...
Азаттық туын тік ұстап күс-күс қолдары,
Солмасын деп түнекте тынып ел бағы.
Керуен тартқан көтеріп елдің айбынын
Сайрап-ақ жатыр жылдарға өткен көмілмей,
Атырауда алып – Әліби батыр жолдары.
Сап-сары дала сағымды белдей мұң-арман,
Кегі қайтпай шыққан ба ерлер құмардан.
Нарын құмда Исатай батырдың ізі бар,
Кім бар дейсің айбаты асқан бұлардан!
Ерлігін аңсап Махамбеттей ақынның,
Рухыңды жырыммен, баба, шақырдым.
Нарын құмның киесі шығар дарыған,
Келіп тұрады Әлия болып атылғым!
Мәншүк болып жауымды келед(і) жапырғым!
Рухы шығар қанымен келген батырдың!
Іздерін құшып Исатай жүрген жолдардың,
Тағзым етіп, қадірін бір сәт ұқтырсақ.
Айбатын аңсап Махамбеттей заңғардың
Топырағына киелі Нарынның аунатып,
Әлия мен Мәншүктей қызды туа алған
Аналар біздің болған екен-ау құтқұрсақ!
Сұрапыл соғыс ел тілегі – жарық боп,
Алексей, Сұлтан істері жұртқа – дарып көп.
Ақтарылған ішегін салып бір қолмен
Бір қолымен Төлеген жауын жайратқан,
Отан деп өлген қас жауынан алып кек.
Көл-көсір дала көгілдір тауым жотам көп,
Сенсіз Отан көрінер маған топан боп.
Жүректерінде әрбір жанның жатасың
Рухың кернеп сүйенер күшім – Отан боп!
Бейбіт күн көкте маужырап далам жатады-ақ,
Тәуелсіздіктің арайлап таңы атады-ақ.
Маңдайдан аққан қара термен біткен құтты істен,
Көрінеді қазір Отандық,
Көрінеді қазір Отандық – аппақ махаббат!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі