Мен жайлауды сағындым
Бұл бетте «Мен жайлауды сағындым» атты Тұманбай Молдағалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүк таситын мәшине,
Оған жүкті артамыз.
Жылда-жылда жаз шыға
Тауға қарай тартамыз.
Отырғанда біздің үй
Арасында бұлттың,
Мен ашыппын көзімді,
Кең жайлауда туыппын.
Содан ба екен, білмеймін,
Сағынам сол жайлауды.
Күндіз мейлі, түн мейлі,
Мамада ат байлаулы.
Сағындым мен атамды,
Сау болыңыз, мұғалім.
Тайға мініп отардың
Бір жағынан шығамын.
Жаз жайлауда қызық көп,
Мен тайымды ойнатам.
– Немереміз жігіт боп
Келе жатыр, – дейді атам.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі