Махаббатсыз өмір бос
Бұл бетте «Махаббатсыз өмір бос» атты Бақыт Жасқалиева жазған өмір туралы өлең берілген.
Лаң заманның кәрін құртып ел ашқанда қабағын,
Суық желден үзілердей гүл көтерсе сабағын.
Тауды, тасты бұзып жарып,
жолда бұлақ сыр шертсе,
О, махаббат, сенің ғана құдіретің деп қаламын.
Ойға барып, жұлдыз қонған батыр ұлдың талабын,
Құдай қолдап, жау жайратса алмас қару-жарағың.
Тауды тесіп, мұзды жарып, ну орманнан жол өтсе,
Беу, махаббат, ерен күшің сенің бе деп қаламын?!
Төрі толса төрт түлікке жаны жайсаң даланың,
Толған айдың толықсыған әнмен шайсаң қабағын.
Маңдайымның ыстығындай сенің қолың жып-жылы,
Күлкісіндей бесіктегі болшы болсаң баланың.
Адал ұлың құласа оқыс, сүйеген сен екен деп
Ой жетпеске қол созамын, өзің барда жетем деп.
Дос көңілмен білмес жандар ойда жоқта табысса,
Деп қаламын сепкен сенің ақ мейірімің екен деп.
Қос жүректе сезім толы бойға қуат нәр берген,
Көрінеді сенің гүлің, о, махаббат, әр белден.
Бар білерім дарқандығың аналардан аумайды,
Шекер десе бал берген, жая десе жал берген.
Тек саналы даналығың таралады нұр болып,
Отан-Ана сол нұрыңнан шапағатқа тұр толып.
Ұлы өмірге сен бастаған сан тараулы соқпақта,
От-жігерді өзіңе арнап – ісімізде сыр толық.
Өмір – көкпар, қамшыла атты
тақым қыс та салым қос,
Өтірік, өсек, мақтаншақпен болған емес жаным дос.
Бәрін айтпай бірін айтсақ тоқсан тоғыз түйіннің,
Абай айтқан махаббатсыз мына жалған – өмір бос!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі