Мендік сезім

Бұл бетте «Мендік сезім» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сәл мұқалып, сәл кетіліп, тағдыр – найза ұшынан,
Сен көз жазып қалмасын деп көңілдің бақ құсынан.
Тіршіліктің сан түйткілі баспасын деп еңсеңді,
Қанат етіп жыр-қиялды өзің жаққа ұшырам.
Таудан тасқа соғып басын буырқанған бұлақтай,
Жүріп келем махаббаттың ақ желкенін құлатпай.
Тағдыр сыны жатса бізді отқа орап, тасқа ұрып,
Жүрейікші мен де сені, сен де мені жылатпай.
Құм борасын шаң тозаңнан
тартқан кезде маң күңгірт,
Құс сайрамай, самал еспей,
болған сәтте таң жым-жырт.
Нарын құмнан шөл аңызақ сен қиналмай өтсін деп,
Ақ сезімді сағынышымды – төккіземін жаңбыр ғып.
Алай-дүлей толқын тулап күн жапқанда қабағын,
Қолына алар белгілі ғой тағдыр кезеп садағын.
Тоғыз балдық толқындардан
сен жол тауып жүзсін деп,
Шырақ қылып ақ айдынға,
Шырақ қылып ақ айдынға – жүрегімді жағамын...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері