Қырдың гүлі,
Күннің нұры,
Қол бұлғайды сая бақ.
Асқар белдер,
Шалқар көлдер
Құшақтайды аялап.
Еліміздің,
Жеріміздің
Жазы жаннат тамаша.
Дала қандай,
Қала қандай,
Көз тоймайды қараса!
Шығысқа да,
Батысқа да,
Бастап жүрді Күн мен Ай.
Жермен, көкпен
Серуендеткен
Каникулдың күндері-ай!
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі