Құздан тулап суы аққан,
Өзен бойы гүл атқан.
Жасыл кілем жайлауды,
Жұрттың бәрі ұнатқан.
Мыңғырған мал, қарашы,
Есеп білсең, санашы.
Әне, ызғытып келеді,
Жылқышының баласы.
Қымызы бар тым тәтті,
Жайлау шіркін қымбатты.
Сонау шыңнан әрі аунап,
Қып-қызыл боп Күн батты.
Айқай да шу кешқұрым,
Айырмайсың ешбірін.
Естіледі ащы үні
Қырда қалған ешкінің.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі