Сағыныш екен бала кез
Бұл бетте «Сағыныш екен бала кез» атты Оспанхан Әубәкіров жазған бала туралы өлең берілген.
Армандай асыл ақ дәурен,
Алыстап кетті-ау қара көз.
Алаулап атқан таңдармен,
Келмейді-ау сол бір бала кез.
Тырналар ұшып өткенде,
Түседі-ау еске бала кез.
Қызғалдақ көрсем көктемде,
Түседі-ау еске қара көз.
Аққу кеп қонса көліне,
Түседі-ау еске қара көз.
Тырналар қайтса еліне,
Түседі-ау еске бала кез.
Сағынған жақсы бір сәтті,
Сағыныш екен бала кез.
Есіме алсам бір шақты,
Арманым екен қара көз.
Армандай асыл ақ дәурен,
Алыстап қалды-ау қаракөз.
Алаулап атқан таңдармен,
Келмейді-ау сол бір бала кез.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі