Сезімді қайтем жоғалған?
Бұл бетте «Сезімді қайтем жоғалған?» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен саған мәңгі ғашық ем,
Көңілім саған күнде ауад(ы).
Бақыттан шалқып тасып ем,
Куә жазған хат-жауап.
Мен саған мәңі ғашық ем,
Содан ба болдым өр, арлы.
Әніме сені қосып ем,
Өлеңге орап ең алды.
Бұрысты дұрыс жөн дедім,
Ішімнен біліп тұрсам да.
Не айтсаң соны жөн дедім,
Жоқ деуге келмей мұршам да.
Күлдің де көндің бәріне,
Өкінер сәтті сездің бе?
Ақымақтықпен мен бардым,
Нанбайтын іске төздімде.
Уақыт өтер қайрылмас,
Ақтарар назды – дала бар.
Өзің салған жазылмас
Жүрегімде менің жара бар.
Сол кездер емес – ол арман,
Айтылмай неткен сырымдай.
Сезімді қайтем жоғалған,
Айнымас жүрек жырындай.
Жадымда мәңгі сақтаған,
Жылдарға өткен ұрынбай.
Махаббат таңы атпаған
Күндерге кеттім бұрылмай,
Сен қалдың соны ұғынбай...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі