Өмір әлегі
Бұл бетте «Өмір әлегі» атты Оразбай Сарыбаев жазған өмір туралы өлең берілген.
Көңілдің таппай бір емін,
Шарладым ойдың тереңін.
Тұманды өмір жолында,
Жоғалтқандаймын керегін.
Тірліктің жүгін сүйретіп,
Жанымды іштей күйретіп,
Қойса да қатал тағдырым,
Үмітпен келем күн кешіп.
Қолыңды берші, әдемім,
Түнекке толы әлемім.
Шаршатты мына тіршілік,
Тыңдашы жүрек әуенін.
Кетейік алыс жақтарға,
Ұмытып өмір әлегін...
Автор: Оразбай Сарыбаев
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі