Тоқай бейітінің басында
Бұл бетте «Тоқай бейітінің басында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қан мұздады,
Тән сыздады,
Тартты кенет бой салғырт.
Тарс жабылды:
Қиял қақпа,
Ой сандық.
Кеттің, Тоқай,
Өттің, Тоқай,
Жүректерде жаңғырып.
Еңіреді ел,
Тебіренді жер,
Қара жаңбыр жауды бұлт.
Болды келте,
Батты ерте
Жас өмірің базарлы,
Аңыратып,
Қанжылатып
Кете бардың Қазанды.
Өшті жылдар,
Өсті жырлар-
Ұзарды жас ғұмырың.
Қайта ояндың,
Қайта қондың
Биігіне тұғырдың.
Тоқай малай,
Абай бабай
Өлмейтін жан екеуің,
Бірің ойда
Бірің қырда-
Жүректерде мекенің.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі