Жер жыры
Бұл бетте «Жер жыры» атты Бақыт Жасқалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жер ақиқат адамзаттың, жан-жануар мекені,
Шығар шыңы, түсер төрі – бәрі де сенде екені.
Жерден нәр ап,
күнге еркелеп мың құбылған бұл дүние,
Түлкі құйрық бейне мысал желмен желп-желп етеді.
Мөлдір таза ұйпаланып мың бұралған бұлақ та
Сүйрелейді жетекке алып жеткізбек боп мұратқа.
Айлы аспанда жерге жұлдыз қайта-қайта көз қысса,
Құлшындырып шақырғандай сезінесің жыраққа.
Ұзақ ұшса қыран құстың созған мойны талады,
Ерден ерді бөліп тұрған арманы мен талабы.
Бұл фәнидің сырын шешпек болған мынау адам да –
Аз ғана күн сауық құрған жердің асыл қонағы.
Бар әлемді содан ба екен жер сүйеді аймалап,
Нәр береді тіршілікке кіндігіне байлап ап.
Бірақ адам кей сәттерде пенделікпен ұқпайды
Жөнсіз жұлған шыбықты жер іздейтінін қайдалап?..
Дәріптеуге қара жерді қара тастан тіл шығар!
Гүл де жерге тағзым етсе, жұпар исі бұрқырар!
Жерге деген махаббаттың бір дәлелі секілді
Шың-құздағы қатпар тасқа,
Шың-құздағы қатпар тасқа – көз қуантып гүл шығар!..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі