Арша — кипарис тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта. Қазақстанда жабайы 10 түрі бар. Биіктігі — 1-2 м. Қылқаны қабыршақты, тікенекті болады. Өте сирек кездесетін түрі — Зеравшан аршасы.
Ақсу-Жабағылы қорығында табиғат ескерткіші ретінде бірнеше түрі қорғалады. Таралу аймағының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген.
Арша 300 жылдай өмір сүреді. Құрамында эфир майы, шайыр, балауыз болғандықтан дәрі алынады. Аршаның бір қасиеті — өте қауіпті радиоактивті элемент — уранды табуға көмектеседі. Өйткені арша бұтағы бойына уранды жинайды.
Аршаны қазақтар киелі ағаш санап, оның бұтағын ұзақ ғұмыр, бақыт, береке әкелсін деген ырыммен үйге іліп қояды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
-
- Габриэль Гарсиа Маркес
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі