Өлең, жыр, ақындар

«Нигилист пингвин»: неге ол өз колониясын тастап кетті?

     Әлеуметтік желілерде жалғыз пингвин туралы бейнероликтер кеңінен тарады. Кадрларда пингвин өз колониясын тастап, мұзды тауларға бет алып бара жатыр. Көпшілік оны «нигилист пингвин» деп атап, бұл көріністі «өлімге апарар қадам» ретінде қабылдады.

«Нигилист пингвин» деген кім?

Желіде танымал болған бейнеролик неміс режиссері Вернер Херцог түсірген «Встреча на краю света» атты деректі фильмнен алынған үзінді. Фильм шамамен 20 жыл бұрын Discovery Channel арнасының көркем фильмдер бөлімі үшін түсірілген.

                                                           

Қызықты деректер:

  • Фильмді түсіру үшін Херцог Антарктидадағы Мак-Мердо ғылыми станциясында жеті апта тұрған.

  • Деректі фильм 2009 жылы «Оскар» сыйлығына ұсынылған, бірақ жүлде Джеймс Марштың «Человеку на проволоке» фильміне бұйырған.

Пингвин туралы:

Пингвиннің «нигилист» деп аталуы оның жалпыға ортақ тәртіпке қарсы шығуынан туындайды. Бейнероликте ол тіршілік етуге қажетті мұхиттан алыстап, өз жолымен кетіп барады.

Желідегі пікірлерде:

  • «Өз жолыңмен жүруден қорықпау — еркіндік пен жауапкершіліктің белгісі» деп жазылған.

  • Кейбір қолданушылар пингвинді өзімен салыстырып, оны түсінетінін айтса, енді бірі құстың тағдырына жаны ашыған.

  • Тіпті мотивациялық ұрандар пайда болды: «Пингвин жасай алса, сен де жасай аласың».

«Нигилист пингвин» туралы оқиға көп адамға ой салды. Өз жолыңды іздеу дұрыс, бірақ ол өмірге қауіп төндірмеуі, болашақты жоққа шығармауы керек. Ерекше болу үшін емес, шынайы мақсатыңды табу үшін әрекет ету маңызды. Сондықтан жүрегіңді тыңда, бірақ ақыл мен жауапкершілікті де ұмытпа.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Әділгерейқызы Әлия​


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз