Қазіргі қоғамда заңды білу – артықшылық емес, өмірлік қажеттілікке айналды. Әсіресе жастар үшін құқықтық мәдениет – тек теориялық білім емес, күнделікті өмірде бағыт-бағдар беретін маңызды құрал. Құқықтық сауаты жоғары ұрпақ қана әділетті қоғамның негізін қалайды.
Құқықтық мәдениет – бұл заңдарды білу ғана емес, оны құрметтеу, сақтау және өз құқығы мен өзгенің құқығына жауапкершілікпен қарау. Көп жағдайда жастар заңды тек құқық қорғау органдарына қатысты дүние деп қабылдайды. Алайда заң – әр адамның күнделікті өмірімен тікелей байланысты. Білім алу, еңбек ету, еркін пікір білдіру, жеке өмірге қол сұқпау – барлығы да заңмен қорғалатын құқықтар.
«Менің еркіндігім – өзгенің құқығы басталатын жерде тоқтайды» деген қағида құқықтық мәдениеттің өзегін құрайды. Жастар осы ұстанымды ерте түсінсе, қоғамда құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, буллинг, алаяқтық секілді келеңсіздіктер азаяр еді.
Бүгінде ақпараттың басым бөлігі әлеуметтік желі арқылы тарайды. Жастардың пікір білдіруі, қоғамдағы мәселелерге үн қосуы – азаматтық белсенділіктің белгісі. Алайда онлайн ортадағы әрекеттер де заң аясында жүзеге асуы тиіс. Қорлау, жалған ақпарат тарату, біреудің жеке деректерін рұқсатсыз жариялау – мұның бәрі құқықтық жауапкершілікке әкеледі. Сондықтан цифрлық кеңістіктегі тәртіп те құқықтық мәдениеттің бір бөлігі.Құқықтық мәдениетті қалыптастыру ең алдымен отбасынан және білім беру жүйесінен басталады. Мектеп қабырғасынан бастап оқушыларға заң негіздерін құрғақ баптар арқылы емес, өмірлік жағдайлармен байланыстырып түсіндіру маңызды. Студенттік кезеңде құқықтық тренингтер, пікірсайыстар, симуляциялық сот процестері жастардың құқықтық ойлауын дамытады.
Сонымен қатар, жастардың өз құқығын талап ете білуі де маңызды. Көп жағдайда олар еңбек құқығының бұзылуына, заңсыз талаптарға, әділетсіз қарым-қатынасқа тап болса да, қайда жүгінерін білмейді немесе қорқады. Құқықтық мәдениет – тек міндеттерді орындау емес, өз құқығын заңды жолмен қорғау.
Қорытындылай келе, құқықтық мәдениет – өркениетті қоғамның көрсеткіші. Заңды сыйлайтын, жауапкершілікті сезінетін, саналы жастар – ел болашағының кепілі. Сондықтан құқықтық сауатты ұрпақ тәрбиелеу – тек мемлекеттің емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
- Төлепбек Жантай
- Конфуций
- Имам Раббани
- Имам Раббани
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі