Құстар әлемінің битбоксері - Лирақұйрық(Видео)

Басты бет / Биология / Видео / Құстар әлемінің битбоксері - Лирақұйрық(Видео)

Лирақұйрық (лат. Menura novaehollandiae) — сайрағыш құс, шығыс Аустралия мен Тасманияда мекендейді. Лирақұйрық  жәндіктер және құрттармен қоректенеді. Құйрығын жазғанда пішіні лира деген музыка аспабына ұқсайтын болғандықтан лирақұйрық деп аталған. Бұл құстың көріктілігі тек құйрығы ғана емес. Әлемдегі ең керемет дыбыс имитаторы. Ол әртүрлі дыбыстарды (табиғи және жасанды) еліктеп салады.  

Лира құйрықтылар

Лира құйрықтылар-торғай отрядының бір тұқымдасы. Дене тұрқы 38 см, лира пішінді екі жақ шетіндегі жұп қауырсыны қошқар мүйізденіп иілген, ортаңғы қауырсындары сым тәрізді жіңішке), құйрығының ұз. 60 см. Л. қ-дың Австралияның папоротникті ормандарын-да таралған 2 түрі бар. Л. қ. полигамды, ұясьга ағаш басына, кейде жер-ге жасап, бір жүмыртқа салады, 45— 50 күнде балапан басып шығарады. Л. қ. ұсақ омыртқасыздар, моллюск, құрт, насекомдармен қоректенеді. Жақсы сарайтын құс. Қазақ энциклопедиясынан.


Лирақұйрықтың ерекше дыбыстарын видеодан көре аласыз. Оның табиғи «битбоксын» тыңдаған адам міндетті түрде таңғалады.

 


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (5)

Нұрдәулет

Диктофон құс қой мынау))))!!!

Lazzat_103

Құс видеоға түсірген адамды қақтырмай, атып жатқан сияқты.

Bain

Өзі де, даусы да әдемі құс екен!

талгат 89

кус унады даусын билеуге болады

Жұлдыз

Бұрын мұндай құстың бар екенін білмеппін. Әсіресе әртүрлі дыбыстарды айнытпай салатыны таңғалдырды. Табиғаттың өзі ғажап қой.