Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері

Елімізде табиғат сыйлаған ғажайып орындар жетерлік. Исі аңқыған гүлдерге толы құлпырған далалар мен биіктігі бұлттарға жетіп бірақ тоқтайтын жұмбақ таулар әрдайым жұртшылық қызығушылын арттырып келе жатқандығы көңіл қуантады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанға қатынайтын туристер саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Атап өту керек, бұлардың көпшілігі табиғатты тамашалауға келгендер. Бұл қарқынмен алдағы жылдары, туристік державаларды қуып жетуіміз бек мүмкін. Тек жаратушы сыйлаған бұл ғажаптарды бағалай білген жөн. Сонымен, назарларыңызға белгілі суретші Илья Афанасьевтің түсірген таңғажайып туындыларын ұсынамыз.

1. "Алтын Емел" ұлттық паркі. Алматы облысы 

"Алтын Емел" атауы моңғол тілінен шығады және "Алтын ер" дегенді білдіреді. Бір аңыздар бойынша, 1219 жылы Шыңғысханның әскері Орталық Азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жатқанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы "Алтын ер!" деген екен. Алтын Емел асуы шын мәнінде, сырттай қарағанда ер-тоқымға ұқсайды. 

011.jpg

Алтын Емелдің бір көркі - Іле өзенінің түбінен жел ұшырып келген құмнан түзілген әнші шағылдар. Құм төбелердің дыбыс шығаруының себебі - құм түйірлерінің бір-біріне үйкелгендегі дыбыс.  

012.jpg

2. Ақтолағай. Үстірттің солтүстік шеті. Ақтөбе облысы

Шатқал үлкен аумақты алып жатыр. Бұл мекен әлі көпшілікке танымал емес, әрі туристердің келуі де қиын. Мұнда табиғат ақ бор түсті керемет ландшафт жасап шығарыпты.  

021.jpg

Бағзы замандарда, көп ғасыр бұрын, бұл үстірттің орнында теңіз болған. Топырақты қазып жіберсеңіз, теңіз жәндіктерінің тас болып қатқан қалдықтарын, акулалар мен теңіз түбін мекендеген өзге де мақұлықтардың сүйегі мен тісін тауып аласыз.  

022.jpg

3. Батыс Алтай қорығы. Шығыс Қазақстан облысы

Қорық Батыс Сібір даласы, Оңтүстік Сібір және Орталық Азия таулары мен Қазақстаншөл далаларының тоғысында орналасқан. Жақын маңда мұхит пен теңіз жоқ болғандықтан, бұл жердің климаты континентальдық, ол температураның шұғыл өзгеруінен көрінеді. Мұндағы жылдық орташа температура - +1,5°С.

031.jpg

Осы аймақ пен табиғи қорықтағы ең танымал жер - "Қара торап" деп аталатын үш шоқының (Көксу, Иванов және Холзун) түйіскен тұсы. Туристер арасында ерекше танымал "Тас ертегі" де осында орналасқан. 

032.jpg

4. Қарқаралы таулары. Қарағанды облысы

Қарқаралы таулары — қазақ майда шоқыларының шығыс бөлігіндегі тау массиві. Олардың биіктігі 1403 метрге дейін жетеді. Тау беткейлерінде қарағайлы ормандар кездеседі. Алайда, бұл орынның басты ерекшелігі - мұнда мұз дәуірінен қалған өсімдіктердің жұрнағын, сирек кездесетін және жоғалып бітіп бара жатқан өсімдіктерді кездестіруге болады. 

041.jpg

044.jpg

5. Табан-Қарағай. Алматы облысы

Табан-Қарағай үстіртін аспан астындағы пейіш деп жиі атайды. Алматы облысының тура орталығында орналасқанымен, ол туристер үшін толық зерттелмеген, әрі жету де оңай емес жер болып келеді. Алайда, осында жете алған табанды фотосуретшілерге берер бұл мекеннің сыйы бар. Мұндағы пейзаждарда бүкіл Қазақстанның бар пейзажы тоғысқан! 

051.jpg

Қызық пішінді жартастар да, асқақ таулар да, алуан түрлі гүл-өсімдіктермен көмкерілген алқаптар да бар. Бұлт торлаған аспан астында үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр, отар-отар қой жайылып жүреді. 

052.jpg

6. Торыш - шар тәрізді конкрециялар алқабы. Маңғыстау облысы 

Бір аңыздар бойынша, Маңғыстау жеріне жау басып кіреді. Жергілікті тұрғындар аспанға қол жайып, көмек сұрайды. Сол кезде аспаннан нөсер құйылып, күн күркіреп, найзағай жарқылдай бастайды. Бір сәтте жау әскерінің бәрі тасқа айналып кете барады.  Осылайша айрықша тас мүсіндер - шар тәрізді конкрециялар шашылған алқап пайда болған екен.  

061.jpg

062.jpg

7.Қаратау таулары. Оңтүстік Қазақстан облысы

Бұл өте көне таулар. Геологиялық тарихында үлкен өзгерістерге түскен. Шатқалдардың қойнауында шағын өзендер мен бұлақтар көп. Сондай-ақ, Қаратау тауларын көптеген ащы, тұщы көлдер қоршап жатыр.

Бірнеше жыл бұрын, осы мекенді биіктен түсіріп жүрген фотограф Перудағы Наска алқабындағы суреттерге ұқсайтын кескінді байқайды. Ол - қызық пішінді екі құрылыс сұлбасының ортасында малдас құрып отырған адамның кескіні болатын. 

072.jpg

8.  Жығылған мүйісі. Маңғыстау облысы

Жығылған – әктас қабатының астындағы саз балшықты-құмды қабаттың сулануы нәтижесінде пайда болған үлкен геологиялық сырғыма. Танымалдығына қарамастан, Жығылған әлі де зерттеліп болмаған, құпия мекен болып қалып келеді. Мұнда аруақтар жүреді деген де сөз бар. 

081.jpg

Жығылғанның адамзатқа берген сыйы - бетінде ірілі-уақты мысықтар мен қазіргі есектің көлеміндей шағын жылқылардың қайраңға батып қалған екі "бармақты" тұяғының тасқа айналған іздері батырылып салынған тақталар сынықтарын көру мүмкіндігі. 

082.jpg

 

9. Бектау-Ата тауы. Қарағанды облысы

Бектау-Ата тау сілемдері - Солтүстік Балқаш маңы оазисі - Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 70 шақырымда орналасқан.Теңіз деңгейінен 800 метр биіктікке асады.Сол үшін оны Балқаш маңы шамшырағы деп те атайды. Бектау-Ата шатқалында жүздеген өсімдік түрі өседі, олардың 45-і сирек кездеседі, ал, сегізі Қызыл Кітапқа енгізілген.

091.jpg

Таудың атауымен байланысты Әулие Атабек туралы аңыз бар: бұл әулие адам қазақтар жоңғарлармен соғысқан ғасырда өмір сүрген. Бірде ол жаудан қашып, таудағы ең үлкен үңгірге барып тығылады, ал Алла тағала сол жерде әулие қартқа арнап тастан тұщы су көзін ашып береді. 

092.jpg

10.  Язевое көлі. Шығыс Қазақстан облысы

Язевое көлін Алтайдың Қазақстан жақтағы бөлігінің меккесі деп атауға болады. Ол теңіз деңгейінен 1685 м биікте, Қатын мұздығының бір тармағы өтетін қатпарда орналасқан. Ұзындығы 3 шақырым, ені 800 м, тереңдігі 10 м. Судың түсі сарғыш-жасыл, мөлдірлігі 4,2 м.

101.jpg

Күн ашықта Алтайдың ең биік шыңы - аты аңызға айналған Белуха тауы айналасындағы жоталардың бәрімен бірге көлдің суына шағылып көрінеді. 

102.jpg

11.  Бозжыра шатқалы. Маңғыстау облысы

Бозжыра – Үстірттің шеткі шыңдарының бір бөлігі. Мұнда табиғат қиялына ерік беріп, ақ түсті ерекше ландшафт жасап шығарған.

111.jpg

Бозжыраның басты ерекшелігі - пішініне қарап Азу аталып кеткен екі әктас шың. Олардың түбінен ұшына дейінгі биіктігі - 200 метрден асады. Аздаған адам ғана білетін соқпақ жол саяхатшыны тар алаңқайға алып шығады, ол жерде Бозжыра қамалдар алқабының айрықша көріністері ашылады.  

112.jpg

Оқуға кеңес береміз:

Қазақстанның көз жауын алар мекендері

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (49)

Мүлік Іңкəр

Маған ұнады

алдонгарова әсия

қатты ұнады

Ежи ежи маған ұнады

Еди ежи

Анар

керемет маган унады шигип кеткеннен сон калай тауып аламын бул сайтты

а

Өте керемет магвн ұнады

Бегжан

Өте керемет көп зат білдім

Аделья

Менин ойлаганым бул емес еди бирак керемет жазыл

Аделья

7.02.18ж.
Маган унады бирак мен ойымдагы бул емес еди

Balnur

маған да ұнады.

anel

magan unadi

Балнұр

Қазақстан өте үлкен, ішін аралап шығу керке еді)) Табиғаты керемет қой)

Жанат

Қазақ жеріне жетер жер барма

Жансая

маған ұнады, өте қызықты

Ажара

Өте қызық екен))

Жансаюша

Бұл нағыз керек нәрсе. Қайсысын таңдайтын виды білмей тұрмын

Тамирис

Маган эссе унады рахмет

Тамирис

Мен коп билим алдым

Жанерке

Керемет

Əмина

Өте қызық

Нурбол

Мен осы матын нен коп деректер алдым бозжыра шаткалынан

райымбек

өте-өте қызықты

Ақжол RainzeBoy

this is interesting.Маған ұнады

Замира

өте керемет екен

Перизат

Кызыкты екен

Ерасыл

өте керемет сөз жоқ маған ұнады

айбек

оте

керемет

Аружан

Керемет

Али

Керемет

Айбек

Өте жақсы əсіресе суреттері маған ұнады

Айбек

Өте жақсы

Нұрданаданаданадана

Мааааа
Адееемі ғой

Нұрданаданаданадана

Өте күшті

Нұрданаданаданадана

Керемет

Нұрдана

Күшті

Ақмерей

Өте тамаша маған ұнады

Еркежан

Маган катты унады коп кереметте адемы жерлерды былып окыдым

зауре

керемет көмегі тиді

Элеонора

Өте керемет маған ұнады. Рахмет көп нәрсе білдім

М

Білім ал кизет ақпараттың үшін рахмет есімде сақтайм

М

Күшті

х

маған ұнаған жоқ

Зәуре

Қазақтың жерінің асты да бай үсті де

Саят

Өте жақсы

Akbota

Маган керегі де осы еді өте жақсы

Бека

Өте керемет

Жасмина

Өте жақсы көп көп рақмет

Дария

Біздің еліміз керемет

МӨЛДІР

Қазақстан ең керемет мемлекет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар