Мәңгілік ел – мәңгілік мұрат!

Әрбір адам  мейлі, ол жазушы болсын, ақын болсын, не әнші болсын өзінің асқан бір сүйіспеншілігімен жазатын не орындайтын шығармасы болады. Ал мен жазушы да, ақын да, әнші де емеспін. Бірақ бүгінгі жазылмақ  болған шығарма  мен үшін  үлкен  жауапкершілікпен   жазылар шығарманың бірі  болмақ. Бұл шығарманы мен кітаптан да,  ғаламтордан  да  көшірмедім. Теңіздің жағаға толқып соққан толқындарындай жүрекпен  көңілден шыққан  ойлар...  Бұл шығарманың тақырыбы тамырын тереңге жайған үлкен ағаш  секілді. Тамыры тереңге жайылған ағаштың,  жапырағы да көгеріп мәңгі көктеп гүлденері шындық. Тамырын тереңге жайған, жапырағы жайқалған ағаш деп отырғаным қазақ ұлты , қазақ елі,  қазақ халқы. Бұл  мен үшін мәңгілік ел бейнесінде  көрініс тапты.

Автор

Мәңгілік ел – бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі –ақ мәңгі ел керегесі.

550 жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай, біреуді кінәләмай, қайғы көрсек тереңіне батып кетпей, қуанышқа асып-таспай бүгінгі күнге аман-есен жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт! Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы мен мәңгілік елдің ірге тасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ елінің мәңгілік ел болуы, құрылуы осының айғағы. Мен үшін Мәңгілік ел осы кезеңнен бастау алды. 

Әлемде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта орналасқан қазақ жерін, қазақ елін  мәңгілік ел  болып қалуы үшін батыр ұлдарымыз жоңғарлармен бетпе-бет келіп Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты  Наурызбай қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғағап, халық қорғаны  бола білді.

Қолдан жасалған ашаршылықтың өзі қаншама қазақты қырғанымен қоймай, бір-біріне жауыз, ашкөз жәндіктей қылып, бірінің етін біріне жегізіп қазақтың санын кемітіп, қала берсе басқа мемлекеттерге ауып кетіп,тарихи отанын кітаптардан оқитын тарыдай шашылған қазақтардың бытырауына себепкер де болды емес пе?! Оның біреуін де көрмеген біз қандай бақытты ұрпақ едік!..

Ал  Ұлы Отан соғысы жылдар аралығындағы  созылған соғыста ұлдарымызды айтпағанда, қыздарымыз Әлия, Мәншүк, Хиуаз сияақты батыр қыздарымыздың  өзі қан майданда ерлікпен шайқасты. Соғыстың сұрапыл жылдарында соғыстағы ұлдарымыз бен қыздарымыздың орны бір бөлек болса, тылда еңбек еткен ауыл адамдары соның ішіндегі ет жүрегі езіліп, күрсінген жүректің демімен дамыл таппай, ішінен тынып, балам соғыстан аман қайтса екен деп тілеген, еркектің ауыр қара жұмысын бір өзі атқарған қайран әйел-Аналар-ай!

Сонда да бізді қазақ деп ешкім мойындамады. Ресейдің қол астында болып ең басты, ең маңызды байлығымыз болған салт-дәстүрімізді, әдет – ғұрпымызды, тілімізді, дінімізді жоғалттық. Жетпіс жыл орысша сайрадық. Бұл жылдарда елдің ел болып, ұлттың ұлт болып қалуы үшін батырларымыз атқа мініп, алаңға шығып, білектің күшімен күрессе, әдебиетте ақын- жазушыларымыз қаламның ұшымен күресе білді.

Бұдан кейінгі жылдарда да Тәуелсіздік үшін болған көтерілісте де жеңіске жетіп, 1991 жылы әупірімдеп Қазақ елі тәуелсіздігіне де қолын жеткізді. Бұл күн біз үшін, бүкіл қазақ халқы үшін ұмытылмас, асқан бір мейрам (ақ түйенің қарны жарылған күн)  да болды, қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды. Бұлт артынан күн шығады деп қазақ барлық қайғыны ұмытты да, осы күнге шүкірлігін айтты...

Иә, Ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем  мойындады. Біз енді тар жол, тайғақ  кешулерден өттік. Жеріміздің кеңдігіндей   көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Алда да солай бола береді. Асанқайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»заманы қазақтың басына енді туды. Ол - «Тәуелсіздік». Біз армандарды ақиқатқа  айналдырдық. Ол арман –Мәңгілік ел. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел! Көз қарашығымздай сақтау мәңгі мұратымыз!

Ханов Шохан Уалиханович


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (37)

мирас

Базар жоқ мықты жазыпты!

Торежан

Керемет!

София

Вау, круто

Алгали Марияш

Озге тилди алга коятын казактардын кулагына алтын сырга

маржан

Тамаша жазылған

Айтолқын Ахметова

Өте керемет жазылған.
Адамға ой салады!!!

Айсулу

Елимиздин нагыз патриоты осындай болу керек!

жайдар

керемет ...жарайсыз

Дарига

Өте жақсы жазылған.
Ашық оймен, бəрекелді.

Елдос

Оте жаксы

Жұлдызай

Өте күшті

Айша

Патриоттык ой калдырды

Ерлан

Керемет

Гүлім

Өте керемет жазылған, таза қазақи тілмен түпкі тарихымызды бейнелеген, алға!

Сания

Күшті жазылыпты

Калиша

Тамаша

Аида

міне нағыз патриот ,күшті жазылған

Айнура Болатовна

Өте жақсы жазылған пікір.Сонау заманнан келе жатқан тарихтың нақ өзі.Тіліммізбен дінімізді ұмытқан қазіргі жас ұрпақ оқығанда ой салар пікір.Бірақта қазіргі жастар не түсінуші ет!Ішінде сара жолды насихаттаған саналы ұрпақ бар шығар ,бірақта саусақпен санарлық!!!!

Аружан

Керемет жазылыпты барине улги болатындай

Лаура Умарова

Өте тамаша жазылған!

Куралай Мухтарова

Сөз жоқ! Талабыңызға нұр жаусын!

мерей

өте керемет

Умида

Керемет!Ерекше əсер алдым.Осындай бейбіт заманда өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын жəне ата-бабаларымызға мың тағзым.

Зарина

Жаксы

Эльмира

Керемет Ерекше әсер алдым

Диляра

ӨТЕ ТАМАША БӘРЕКЕЛДІ

Роза

Оте жаксы жазыпсыз.Сиздин осы созiнiз жас урпакка улгi болады деп сенемiн.Жастардын патриоттык, оздерiнiн отандарына деген сезiмдерiн ояттыныз.Ата бабаларымыз казак халкынын жери ушин,ели ушин аянбай тер токти.Бизди осындай Тауелсиздик заманына жеткизгени ушин мын алгыс.

Роза

Оте жаксы жазыпсыз.Сиздин жазган созинизди окып жас урпактын патриоттык,отанга деген сезимдери оянады.

жанат

осы тақырыпты өзіме қалай жүктеймін

Мейрамгүл

"осы тақырыпты өзіме қалай жүктеймін" Біздің қазақ неге сауатсыз немесе жалқау ма? Керегін белгілеп көшіріп алып вордты ашып саласалу қиын ба?

Назым

Ия,керемет жазылган

Нұрсұлу

жақсы жазыпты, керемет

Талшын

Бул биз сыкылды урпакка жакси соз,оте жакси жазипсиз

Аида

Казак бола турып орыс тылынде сайрайтындар каншама. Пыкырынызды толык макулдаймын.

Белгісіз жан

Афтордың тіл байлығы мықты екен

мирас

ким болсан да нагыз ер жигит жане де ойын мыкты екен
жарайсын

Бахтияр

Өте Өте Жақсы!!!Жарайсыз!!!????????????

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)