Эссе және өлең-жыр байқауы

Өлім алдындағы соңғы тілектер

«Stichting Ambulance Wens Nederland» Голландиялық қайырымдылық қоры о дүниеге аттанғалы жатқан жандардың соңғы тілектерін  орындаумен айналысады. Жүргізуші Кис Вельдбоер мен оның әйелі медбике Инеке бұл жобаның іске асуына кездейоқ себепшi болған. Алғашында өз үйлерінде тәжірибе ретінде бастапты. 8 жылдан соң, жұмыс істеуге құлшыныс білдірген еріктілер қатары 230-ға жеткен, сондай-ақ, бірнеше жедел жәрдем көліктері мен жеке пансионат пайда болды. Қазіргі кезде, бұл ұйым 7000-нан аса тілектерді орындауға тапсырыс алып үлгеріпті. Ұйымның негізін құрушы Кистің сөзінше, көбінше, өлім үстінде жатқан жандардың тілектері қарапайым болып келеді екен, сондықтан 1 күннің ішінде бірнеше тілекті орындау мүмкіндігі бар.


77 жастағы кейуананың соңғы тілегі Амстердамдағы Рембрандт көрмесін тамашалау

Бүкіл өмірін  Роттердам зообағында жұмыс істеуге арнаған  54 жастағы Марионың соңғы тілегі - өзі бағып-қаққан жирафтермен қоштасу

Ал ,бұл қарт әйел жұлдыз әнші Лайонел Ричимен танысуды ақырғы тілегіне балаған екен

Соңғы тілегі: көз жауын алатын шырайлы Роттердамды биіктен тамашалау

Арманы: Схевенинг мейрамханасында балық тату

Соңғы тілегі: сары   «Ламборгини Диабло» көлігін тізгіндеу

Ақырғы тілегі: Диснейленд қалашығына аттану

Соңғы тілегі: туған өлкесі Польшаға қайтып, соңғы күндерін сәбиі және жұбайының қасында өткізу

Соңғы тілегі: ақырғы мәрте достарымен бірге кинотеатрға барып, фильм көру


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...