Билл Харли 1880 жылы Милуокиде шаруалар отбасында дүниеге келген. Отбасы осыған дейін Англиядан АҚШ-қа көшіп келіпті. Билл 15 жасында велосипед жөндеумен айналысатын шағын шеберханаға көмекші шебер болып жұмысқа тұрады. Ол бос уақытын серуендеуге, сурет салуға арнайтын және жаратылыстану ғылымын жетік меңгеріп өседі.
Екі жыл өткеннен кейін ол шағын болат құю зауытында сызушы-құрастырушы ретінде тәжірибеден өтеді. Дәл осы болат құю цехында модельші болып оның мектеп кезіндегі досы Артур Дэвидсон да жұмыс істепті, оның отбасы жиырма жыл бұрын Шотландиядан Америкаға көшіп келген.
Харли шұбар балық аулауды ұнататын, апта сайын Артурмен бірге Милуоки түбіндегі көлге баратын. Олар сол кезде жасөспірім болған. Бірде шағын зауытқа неміс келіп, өзімен бірге Dion компаниясының бензин қозғалтқышының сызбаларын алып келеді.
Бастапқыда жігіттер балық аулауға арналған қайыққа мотор дайындайды. 1900 жылдың күзінде олар велосипедке мотор салуды ойлайды. Алайда велосипед қаңқасы әлсіз болып шығады. 1902 жылы Артур 26 жастағы ағасы Уолтерді өтініп жүріп, өздеріне қосып алады. Ағасы сол кезге дейін бірнеше темір жол шеберханасында жұмыс істеп үлгерген. 1903 жылы мотоциклдың бірінші прототипі дайын болады. Жазық алаңда ол сағатына 37 шақырым жылдамдық асыратын болған, алайда Милуокидегі қыратты жолдарда жүру үшін педальді тезірек басуға тура келді.
Сонда Харли мотоциклдың ауырлау әрі жаңалау моделін ойлап табады. Баласы Харлидың жаңа іске деген қызығушылығын байқаған әкесі үйдің теріскейіндегі ауласында ауданы үш те төрт метрге жететін қора салып береді. 1903 жылы Билл Харли кәсіби дайындығын арттыру үшін техникалық колледжге түседі. Ал 1904 жылы Уолтер Дэвидсон өзін мотоцикл жасауға толықтай арнау үшін жұмысынан шығып кетеді.
1904 жылы Харли Дэвидсон үш мотоцикл сатады, үш жағдайда да олар материал сатып алуға қаражаты болуы үшін 50 пайыз алдын ала төлем алып отырған. 1905 жылы олар бес мотоцикл жасайды, ал 1906 жылы – 49, 1907 жылы – 152. Бұл кезде оларға ағайынды Дэвидсондардың үлкені Уильям қосылады.
1908 жылы компанияда 36 адам жұмыс істеген, ал шығарылатын мотоциклдердің саны 456-ға жетіпті. Шамамен 100 жыл өткенде, яғни бүгінде Harley-Davidson компаниясында 6 300 адам жұмыс істейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі