Өлең, жыр, ақындар

Катапульта тарихы

Тас, найза немесе жебе ұшыратын қайсыбір машина гректің катапульта деген терминімен аталады. Ежелгі Римнің авторлары катапульталарға «Тormentum» (айналдыру) деген атау берген. Бұл серіппен қозғалыс жүйесі бар машиналар.

Тарихтағы тұңғыш катапульталар біздің заманымызға дейінгі дәуірде Грекияда қолданыла бастады, кейін ХV ғасырға дейін оларды Еуропаның барлық елінде қолдана бастады. Ежелі катапульттеу құрылғылары садақтың (баллистер мен скорпиондар) немесе тас ататын құрал технологиясымен қолданылған.

Соңғылары қоршауды қирататын қару ретінде саналып, Орта ғасырлардың басында ғана қолданыла бастады. Тетігіне байланатын тас ату құралына ядро немесе тастар қойылған, ал оның екінші жағына тең салмақ ілетін болған. Рычагтың екінші жағындағы салмағы алып, бір жағы жоғары көтеріліп, күш береді де, тасы немесе ядросы өз траекториясы бойынша ұшатын. Тас бірнеше жүз метр қашықтыққа дейін ұшып барып нысанаға тиетін.

Катапульталар тарихында ежелгі римдықтар мен гректер қолданған онагр деген тас ұшыру машинасы да айтылады. Ол да әдеттегі тас ұшыру құрылғысының негізінде жұмыс істеді, бірақ оның серіппесі тарамыс, шаш, белдік сияқты заттардың беретін күшінен тасты аспанға ұшыратын. Бірде-бір қоршау мен қорған мұндай құралдарсыз бұзылмайтын. Онагрмен тастарды және ішінде тез жанатын сұйықтығы бар бөшкелерді ұшыруға болатын. Оның құрылымы қарапайым әдіспен жасалған: рычаг (4), іске қосатын механизм (9) және сақпан (5). Рычагты шұбатыла оралған бума ұстап тұрады (6), ол платформада (1) орналасқан арнайы құрал арқылы тартылады (7). Механизмнің қозғалатын бөліктерін тоқтату, нығайту үшін қолданылатын жабдық (3) рычагқа қарама-қарсы бетте орналасады. Сонымен қатар, құрылымда ауыр жүкті (8) көтеріп, жоғары көтеретін шығыры бар, ол жіппен буып байланады (2). 

Тарамдардың энергиясы арқылы ататын, рычагы ішінде орналасқан тағы бір қару карробаллиста деп аталады. Карробаллистаның ширатылған екі тал жіпбері мен екі рычагы бар. Бұл қару найза атады, ал оған күшті екі рычагты да қосып тұратын адырна береді.  Рычагтың арқасында карробаллистаның биіктігін, ал рычагты қолдану арқылы көлденеңнен оңай басқаруға болады. Біздің заманымызға дейін (ІІІ ғасырда) Рим армиясы карробаллистаны теңізде де, құрлықта да кең қолданған. Бұл қару түрі найза мен жебені атуға жақсы мүмкіндік берген. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз