Өлең, жыр, ақындар

Арбалет тарихы

Арбалет немесе оны ертеректе жақ деп аталған қару - серіппесі жоғары садақтың түрі, ол бекітіп қоятын ағаш дүмі бар, бүгінде олар қазіргі аңшылыққа арналған қарулардың дүміне ұқсайды. Арбалеттен әдетте маталлдан жасалған қысқа жебелермен ататын болған. Қарудың оқ салғышына бағыттайтын құрал салынып, кейін оған жебе салынған. Қарудың атуға мүмкіндік беретін механизмі де осында орналасқан: тартқышы (адырна) және шүріппесі – ату үшін.

Арбалетті жасау тарихы бірнеше мыңдаған жылға созылады. Бұл өте ескі қару, бірақ арбалет садақтан кейін шыққан. Түптеп келгенде бұл жебені тартып атудың бір нұсқасы. Арбалет жайлы сөз біздің заманымызға дейінгі V ғасырдағы ежелгі жазбаларда кездеседі. Бұл қару жайлы ежелгі қытай ойшылы Сун-цзы баяндаған. Сонымен қатар, қытай археологтары арбалеттерің құрылымындағы бөлшектерді әлі күнге тауып жатыр, бұл қару материалының сапасының жақсы екенін білдіреді.

Ал Ежелгі Грекия тұрғындары осыған ұқсас қаруды дәл осы ғасырларда жасапты. Арбалеттің қарапайым түрін ежелгі римдіктер де қолданған. Римде арбалеттің бірнеше түрі болған. Тарихшылар оларды «манубаллист», «аркубаллист» деп аталған, дейді.

Бір кездері арбалет жасау ұмытылады: соғыс болған кездері оны ешкім жасаған жоқ әрі қолданбады. Бұл қарудың дамуының екінші кезеңі ХІІ ғасырда басталады. Бұл уақытта Еуропада бұл кезде өзара шайқастар болып тұрған.

Арбалеттің қарапайым садақтан айырмашылығы, оның ауыр снарядты ұшыратынында және жылдам ұшыратынында және нысанға дәл тиетіндігінде болып отыр. Шайқастарда тиімді болған. Арбалеттің механикалық құрылымы атудың күштілігін арттыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар одан атуға дайын күйінде көп уақыт бойы алып жүру қолайлы, ал қарапайым садақ пен жебені тез арада ұстап, оқ ату мүмкін болмады.  

Мұнымен қатар, арбалеттен ұшқан снаряд садақтың ұшатын жебесінен де қашық нысанға барып тиетін. Бұл серіппенің ғана үлесі емес, оқ-дәрілердің де қасиетіне тікелей байланысты. Арбалет болты шамамен 400 грамм салмақ тартатын. Бұл қару арқылы қашықтықтан атқанда сауыт киген әскерге де айтарлықтай зақым келтіретін. Ал садақ оғы сауыттан өтпейтін еді.  Мұнымен қатар, ату кезінде сырғанайтын болттың астауша оқтың дәл ұшуын қамтамасыз ететін.

Алайда арбалеттің бір ғана кемшілігі болды. Оны қайта-қайта оқтау қиын әрі көп уақытты талап етті, соның кесірінен соғыс кезінде әскердің басын қатерге тігетін. Ең қарапайым арбалетті оқтауға атушының зор күші керек. Ол арбалетті жерге қадап тұрып, адырнасын өзіне қарай тартып, ату шүріппесіне ілуі керек. ХІХ ғасырда ғана күрделі арбалеттер пайда бола бастады. Олардың құрылымы бұл қарудың жылдам ату мүмкіндігін молайта түсті. Дегенмен орта ғасырлардағы жауынгерлердің барлығына да бұл қару жете бермейтін.  

Техника прогрессінің дамуымен арбалеттер жаңартылып, күрделендіріле түсті. Олар атушыға түсетін күшті азайтатын және адырнаны оңай тартуға болатын қосымша механизмдерімен жабдықталды. Ал астаушалардың орнына кесік түтікшелер келді (болашақтағы мылтық оқпанына ұқсас). Осылайша «аркебуз» атты қару дүниеге келді. Бұл қарудан оқ атуға мүмкіндік туды.  

Қазіргі уақытта арбалетті аңшылық пен спорт тауарларын саудалайтын барлық дүкеннен сатып алуға болады. Заманауи композициялық материалдар мен жаңа технологияны пайдалау арқылы өндірушілер қуатын барыншы күшті әрі сенімді ете түсті.

Арбалеттер тарихы бүгінде де дамып жатыр. Дегенмен, бүгінгі өмірімізде бұл қару түрін пайдалану аясы өте тар. Негізінен тек спортта қоладанылады. Алайда бұл қару әскерилердің де айнымас серігі. Әлемнің жетекші елдерінің арнайы барлау бөлімшелері мен антитеррор бөлімшелері арбалеттерді шу шығармай ату үшін және кедергілерден өту үшін қолданып жүр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

@2009

Садақтың аты жоқ қой

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз