Өлең, жыр, ақындар

Револьвердің тарихы

Бірінші револьвер XVI  ғасырда жасалды. Ол оққалтадағы қуысында оқдәрісінің фитиль немесе кремний арқылы жануы арқылы іске қосылады. Бұл әдіспен ататындар әрбір оқ ату үшін оқпанға оқдәрі себуі керек, ол өз кезегінде фитильдің жалынсыз отынан тұтанады немесе кремний ұшқынынан тұтанады да, оққалтадағы негізгі зарядтың іске қосылуына әкеледі. Мұндай қаруды қолдану сенімсіз еді, себебі мұндай механизмнен оққалтадағы барлық оққа от беріп, екі бірдей оқ атуға әкеп соғады. Сондықтан да револьверлер көпшіліктің қаруына айнала қоймады.   

1818 жылы америкалық Артемас Уиллер АҚШ-та кремний оққалтасы бар револьвер жасап, патенттеп алды. Оның құрылымы оқдәрінің екінші оққалтадағы оқтарға түсіп кетпейтіндей етіп жасалған. Уиллер оны серіппенің көмегімен жасаған. Ол ату кезінде барабанды алға қарай қозғап, оқдәріні оққалтадан алыстатады.

Осы жылы Уиллердің тегі бойынша аттасы әрі жерлесі Коллиер бұл револьверді Англияда патенттеп алады. Бұл жақта ол револьвер мен Уиллердің конструкциясындағы қаруларды шығаратын фабрика ашады. Алайда бұл револьвердің де жетіспеушілігі көп болады, бұл ақауларды өз кезегінде соққы-капсюль механизмінің ойлап табылуы жойды.

Уиллер револьверді жасаған уақытта, капсюльді ағылшын қару жасаушысы Джозеф Эгг жасаған. Бұл өнертабысты қолдану кремний қаруларының дәуренінің ақяталуымен тұспа-тұс келеді. Оның арқасында жылдам ату мүмкіндігі пайда болды, от алмай қалулар азайды және ауа райының әсері тіптен кедергі келтірмейтін болды. Дегенмен қару бастапқы кездегідей ауызы арқылы оқталатын, ол кезде унитарлық патрондар да болмады.

1835 жылдың соңында америкалық бозбала Сэмюель Кольт Кольт-Патерсон атты капсюль револьверіне әлем бойынша патент алады. Ал келесі жылы Кольт оны жаппай өндіре бастады. 1839 жылы жаңартылған Кольт-Патерсон жасалды, оның оққалтадағы оқтарды нығыздайтын тетігі пайда болды, бұл арқылы тапаншаны оңай әрі нақты оқтауға мүмкіндік туды. Кольт басқа да модельдерді шығарып жүрді, бірақ ерекше сұранысқа ие болғандары жоқ еді, тек 1851 жылы шығарған 1851 «Морской» модельді Кольт револьвері танымал бола түсіп, 20 жылдай уақыт бойы шығарылды.

Осылайша, револьверді шығарған адам деп бір өнертапқышты атай салуға болмайды. Уиллер оны ерте жасады, дегенмен Кольттің револьвері кең таралды, ал танымал болған сәті маңызды емес пе?

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз