Өлең, жыр, ақындар

Айрықша робот кедергілерден өтуді үйренді

Boston Dynamics екі аяқпен тік жүріп, кедергілерден өте алатын гуманоид роботтарды дамытумен айналысып келеді. Компания Atlas атты жаңа буын роботтарын және әлемді таң қалдырған өзге үлгілерді жасап шығарғанымен атақты болды.

 

Atlas роботтарының несі ерекше?

Робот – адамның көшірмесі

Бойы  – 188 см

Салмағы  – 150 кг

Иығының ені 76 см

28 гидравликалық жетекпен жабдықталған


Atlas роботы бедерлі жерлерде қозғалып, кедергілерден нық өте алатын қабілетке ие. Видеода робот қораптарды бір орыннан бір орынға ауыстырып жатқаны анық көрінеді. Қорапты одан алып кетсе, ол соның артынан ереді. Алдыңғы үлгілерде мұндай сенімділік болмаған. Әрине, сана туралы айтуға әлі ерте, сонда да ілгерілеу бары байқалады. Atlas аяғымен нық тұрады және құлап қалса, өзі көтеріле алады.

Сынақтан өткізу кезінде робот бір аяғымен тұрып, тепе-теңдік пен тұрақтылығын көрсетті. Сынақ жасаушылар Atlas-ты 20 килограмдық кір тасымен итерсе де, құлата алмады. Ол бедерлі, кедергілі жерлермен қалай сенімді қозғалып келе жатқанына және аяқтан шалып құлатса, орнынан қалай көтерілетініне назар аударыңыздаршы. Қазір инженерлер осы үлгіні сыйымдылығы жоғары қуаттандыру көзімен жабдықтауды ойластырып жатыр. Қуаттандыру көзі болмаса, робот қуаттандыру кабельдеріне тәуелді.

Әзірлеушідердің басты міндеті –Atlas-ты жетілдіріп, құтқару операцияларына қатыса алатын үлгі жасап шығару. Роботтың адамға қараған сандаған артықшылықтары бар. Ол оттан, химиялық улы заттардан қорықпайды, адамды өлтіретін аурулардан қауіптенбейді. Инженерлердің айтуынша, жағдайдың өзгеруін бақылап, соған сай дұрыс шешім қабылдай алатын үлгі жасалмақшы. Әскерилер де «Атласқа» қызығушылық танытып, келешекте оны әскери қимылдар жүргізу барысында қолданғысы келеді.

Boston Dynamics-тің өзге де жетістіктері

Big Dogатты төрт аяқты робот 2005 жылы пайда болды. Робот төрт аяқтап біршама жақсы жылдамдықпен қозғалып жүре алады. Жота, төбеге шығу ол үшін қиын емес. Робот алыстан, адамның қатысуымен немесе өз бойындағы борт компьютерінен басқарылады. Компьютер ауарайы және климат жағдайлары мен жолында кездесетін кедергілерді сараптауға қабілетті.

PetMan – компанияның басты жетістігі –тура адам сияқты жүретін робот.  PetManсағатына  5,5 шақырым жылдамдықпен қозғалады, бұл ересек адамның орташа жылдамдығымен бара-бар. Үлгі тіпті қарапайым адам сияқты, өкшесін басып жүре алады.

Little Dog Big Dog негізінде жасалған, бірақ функционалы мен мүмкіндіктері молырақ. Робот қопару-жару жұмыстарын атқара алады, із кесу, барлау функциясын орындайды және сапер болып жұмыс істей алады.

Қазіргі таңда компания жаңа үлгілер әзірлеу үстінде екені белгілі. Әрине, басты үміт «Atlas» роботына жүктелмек. Ол мүлде басқаша етіп түрлендіріліп, көбірек функционал қосылмақ. Жақын арада компания келешектің роботтарының жаңа мүмкіндіктерін көрсетуге уәде беріп отыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз