Өлеңдер бөлімі

Бір рет сатып алып, әрдайым өсіруге болатын 8 көкөніс

Дастарханыңызда әрқашан жаңа піскен көкөніс болсын десеңіз, төмендегі әдіс-тәсілдерді пайдаланыңыз. Bilim-all.kz мысалға келтірген 8 көкөністі әрдайым қайта-қайта өсіре аласыз.

Көк пияз

Кішкентай стақанға су құйып, көк пиязды түбімен салып қойсаңыз ол қайта өсіп шығады. Өсетін бөлме жарық болуы керек.

Сарымсақ

Сарымсақ стақан суда жақсы өседі. Сарымсақ бүршіктерінің дәмі өте жағымды, оларды салаттар мен соустарға қосуға болады.

Бок-чой (қытай қырыққабаты)

Жарық жақсы түсетін бөлмеге өсімдіктің тамырын суға салып қойыңыз. Оны сол жерде 1-2 апта бойы ұстаңыз, осыдан кейін қырыққабатты құмыраға отырғызуға болады. Ол сонда толыққанды өсіп-өнеді.

Сәбіз

Сәбіздің кесіліп алынған басы суда жақсы өседі. Олар салатқа қосуға болатын көк шөп ретінде пайдаланылады.

Насыбайгүл (Базилик)

Насыбайгүлдің 3-4 см болатын кішкентай өсінділерін күн жақсы түсетін жерге, стақан суға салып қойыңыз. Олар екі есе болып өскенде топыраққа отырғызуға болады. Насыбайгүл қайта жайқалып, өсіп шығады.

Балдыркөк (Сельдерей)

Балдыркөктің түбін кесіп алып, жылы суға салып, күннің көзіне қойып қойыңыз. Жапырақтары түбінің ортасынан өсе бастайды, кейін оны топыраққа отырғызуға болады.

Ромен-салат

Егер өсімдікті жартысына дейін суға батырып, бірнеше күн ұстайтын болса салат қайта тіріледі. Осыдан кейін жаңа жапырақтар өсіп шығады және өсімдікті қайта топыраққа отырғызуға болады.

Күнзе (кинза)

Күнзе суда жақсы өседі. Оны топыраққа отырғызған соң, хош иісті өскін жайылып өсіп шығады.

Дереккөз: pulptastic.com


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...