Пирамидалар

Мысырдағы пирамидалар барлық замандарда да адамдардың қызығушылығын тудырғаны мәлім. Ал бұл қызықты сәулеттің тарихы болса өте көне дәуірлерге созылуда. Шумерлердің зиккураттары Мысыр пирамидаларының алғаш үлгілері ме еді? Мысыр ескіден, тарихтан бұрынғы замандарда Месопотамиядан әсерленгендігі мәлім, осы тұрғыдан да мұндай сәулет байланыстарының болуы әбден мүмкін. Мексика жерлерінің оңтүстігіндегі Мая мәдениетінде де осы пирамидаларға ұқсас сәулетті ғимараттар, яғни Мая ғибадатханалары бар. Бұлардың да Мысыр пирамидаларына, бәлкім көбірек Шумерлердкіне ұқсас жақтары бар. Мәшһүр археолог Тор Хидерхал бірнеше жыл бұрын Ра атты кеме жасатып, Александриядан Мексикаға қарай сапарға шығады. Мақсаты Мысырлықтардың Америкаға дейін бара алғандығын дәлелдеу еді. Бір жағынан Шумерлердің де, Мысыр мәдениетінің алғаш құрылымында дінбасылардың әрі Америкадағы Маялардың аталарымызбен, яғни прото түрктермен байланысы болғандығы тақырыптары бар... Мысыр пирамидаларының адамның қызығушылығын тартатын тағы бір тарапы да осы байланыс болып табылады. Сондай-ақ құрылысындағы технологиялық сыр да адамның қызықтырмай қоймайды. Гизадағы Хеопс, Хефрен, Микерин пирамидалары және Сфинкс (адам басты жануар) өте мәшһүр. Әлемнің жеті ғажайыбына жатады. Мысырда бұдан өзге де пирамидалар көп бірақ бұлар басқа жерлерінде. Шынында да бүгіндері таңдана, тамсана, тамашаланып, тілге алынатын техника жетістіктерінің мысалы болып табылады. Көбінесе бұл пирамидалардың соғылуы үшін фараондар жүзмыңдаған адам күшін қолданып алып тастарды қабат қабат құм бетімен көтеріп орнатып тұрғызғаннан кейін құм қабаттарын ысырып тастағандығы айтылады. Американдық бір инжинер бұл көзқарасты сынға алған. Ол кездегі аймақтың мұншалықты жұмысшыны, ұзақ уақыт асырай алмайтындығын, өте қарапайым әдіспен және өте аз жұмысшы күшімен жасалған болуы керектігін тұжырымдады. Қорқыныш фильмдерінің, ауызекі айтылатын тылсым әңгімелердің, кітаптардағы Фараондардың лағынеті, пирамидалардың сыры секілді тақрыптар күлкінішті нәрсе. Әсіресе бұл пирамидаларды өзге планетадан келген келімсектердің жасағандығы пікірі жай ғана қиял туындысынан өзге нәрсе емес. Әйтсе де соңғы жылдарда Америкада пирамидаларға қатысты ерсі пікірлердің кеңінен тарап, модаға айналғандығы бар. Пирамидалардың, әсіресе Хеопс пирамидасының жасырын күші бар екендігі, ал мұның болса пирамиданың пішінінен туындайтындығы айтылуда. Бұл пайым бойынша бұрыш құрылысының көпбұрыш үстіне төбесіне сүйір шың күйінде бірігуінен тұратын пирамида төменіндегі ауданға энергия, күш-қуат жинайдымыс. Ал бұл энергияның қолынан келмейтін іс жоқ екенміс. Бұларға тоқталудан бұрын Хеопс пирамидасы турасында қысқаша мәлімет беріп өтейік. Хеопс пирамидасы Ніл өзенінің жағасындағы Гиза пирамидаларының қатарынан болып табылады. Фараон Хеопстың бұл зәулім құрылысы күніміздегі 40 қабатты үйлердің биіктігінде. Шамамен төрт жарым мың жыл бұрын салынған. Бір жарым километр квадраттық алаңды қаптап тұр. Кейбірі 70 тонна салмақты екі жарым миллион тас блоктан жасалған.

Сонау Мысырдағы бұл ғажайып құрылыстардың аңыз күштері бар болса да, одан Америкалықтаға не пайда деуіміз мүмкін. Алайда бұлар оңай жолын тапқан көрінеді. Жасырын энергияның сыры пирамиданың пішінінде және бұрыштарының үйлестігінде деген желеумен, дәл сондай үйлестікте темірден, пластмассадан тіпті қағаздан да кішігірім пирамида жасайды, және бұл пирамидалардың астына не қойылса энергиясынан үлес алады деп жариялап жібереді. Кімдер дейсіз ғой. Әрине әр модадан ақша табуға дағдыланған Америкалық бизнесмендер. Көптеген фирмалар пайда болады. Бір тұтамнан бастап, бір бөлмедей көлемдерге дейін пирамида ойыншықтар, құтылар, каркастар жасап шығарады. Бұларды дүкендерде, сондай-ақ газеттен берген жарнамалары арқылы сата бастайды. Бір фирманың өзі қымбат, яғни 30 долларлық пирамидаларынан 238 000 мың данасын сатқан екен. Ендігі бұлардың жарнамалаған пайдаларын атап өтейік. Бұл пирамида пішінді ойыншықтардың астына ұстараны қойса өткір болып шығадымыс, азық-түліктерді балғындатадымыс, темекінің қаттылығын кетіредіміс, етті жұмсартадымыс, микропты суды тазалайдымыс, бас ауруын кетіредіміс, жараларды жазадымыс, т.б. Тіпті пирамида пішінді каркастармен емдейтін тәуіптер де шыққаны бар.

Америкалықтардың қатты сенгендігі ме, долларларының бетінде де пирамида суреті бар. Бәлкім құнын жоғалтпасын деген сеніммен қойған болса керек.          


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (2)

Бексұлтан

Америкалықтар бір түрлі))) Негізі еврейлердің ақшасы гой ол, ал олардың шыққан жері сол жақтар, сондықтан долларларының бетінде де пирамиданың суретін қойған болар)!

оразалы

тамаша бул узак кой шаршаган жоксыздарма

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
Сайтты қолдану жөнінде нұсқаулық
ҰБТ(онлайн тест)