Өлең, жыр, ақындар

Wi-Fi: мұны білген соң роутерді түнде өшіріп жүретін болдым

Интернетке сымсыз қосылу – заманауи өмірдің ажырамас бөлігі. Үйде, жұмыста, сауда орталықтары мен білім ордаларында – барлық жерде Wi-Fi бар. Кейбір ғалымдар Wi-Fi-ді айтпай келетін дерт дейді. Бізді күнделікті қоршап тұрған Wi-Fi-дан тарайтын сәулелену жайлы қысқаша мәлімет алып көрейік.

Wi-Fi желісінің жұмыс істеу принципі

Wi-Fi-дің зияны

Ұялы телефондардан бөлінетін сәулеленудің зияны жайлы көптеген мәселе қозғалғанымен, оның денеге әсері әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Өйткені біз мұндай гаджеттер мен сымсыз желілерді қолданып жатқанымызға аз уақыт болды. Бұл технологиялар адам ағзасына қаншалықты зор әсер ететінін түсіну үшін көбірек уақыт керек.

Электромагниттік толқындар мен олардың адам миына әсері жайлы ғылыми зерттеулер бар. Шынында, өсімдіктердің өсуін тежейтін және адам миының қабілетін төмендететін жасушалық деңгейде өзгерістер жүреді.

Wi-Fi құрылғылармен жұмыс істейтін адамдар Wi-Fi толқындарының ағзаға тигізетін теріс әсерін төмендету үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нақты нұсқаулықтарды ұстанады.

Wi-Fi-дың зиянын қалай төмендетуге болады?

Wi-Fi-ді ешкім қолданбай тұрған кезде немесе түнде роутерді әрдайым өшіріп жүрген жөн;

Телефонды ескі, сымдық телефонға ауыстырыңыз, сымсыздан бөлінетін сәулелену де миға теріс әсер етеді;

Wi-Fi роутер ас үйде, балалар бөлмесінде немесе жатын бөлмеде болса, оны басқа жаққа қойыңыз. Бұл құрылғы адам аз болатын бөлмеде тұруы тиіс;

Сымсыз желінің өзіңіздің және балаларыңыздың денсаулығына жанама әсерін барынша азайтыңыз: көбірек таза ауада болыңыз, салауатты өмір салтын ұстаныңыз, жаңалықтар таспасын оқып отырғанша қағаз кітаптарды оқыңыз.

Әрдайым электромагниттік толқын аймағында жүретін адамның ағзасы қалай өзгеретінін байқау үшін бізге шамамен 30 жыл уақыт керек. Бас ауруы, алаңғасарлық, ұйқысыздық, әрдайым болдырап жүру сынды жағымсыз күйге осы технологиялардың әсері себеп болуы мүмкін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Лаура

Рахмет! Пайдалы кеңес!!!

Бәкір

Келешекке келер қасіретті, бірге жою міндетіміз 06,07,2016

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз