Қыздың төркіндеп, оның күйеуі қайындап, жиен нағашылап барады. Қыз төркіндеп бара алмаса, өз жамандығы, жолынан жығылғаны деп біледі халық. Мұндайда жол-жоралғыдан сүрінетін ел-жұрт болмайды, оларды хандай көтеріп алады.
Сонымен "жігіттігі" ұстап, маңыздана басып, маңғаз қарап, жарын ертіп, елге күйеу қайындап келе жатыр. Күні бұрын құлақтанған қайын жұрт оларды әдеппен, қуанышпен, құрметпен қарсы алады. Күйеуді де келін түсіргендей етіп әзіл-қалжыңмен күтеді, балдыздар оның құлағына жармасып жатады. Елге күйеудің осындай дәстүрмен келуі - ауыл адамдары үшін бір мереке. Балалар қуанып, үлкендер шаттанып, үлкен мәжіліс құрылады, кең дастарқан жайылып, сапырылған сары қымыз, табақ-табақ ет қойылады, шашу шашылып көңілді күлкі, сауық-сайран қайындап келген күйеудің ажар-беделін одан әрі көтере түседі. Төл сыбағасын - төсі мен асықты жілігін жеген күйеу де риза, оның жанындағы сол елдің қызы да риза.
Бұл дәстүр - күйеуді де, оның қайын жұртын да сынайтын үлкен жол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі