Өлең, жыр, ақындар

Диета кезінде жейтін азықтар

Диетология мамандары салмақ артуын тоқтатуда немесе салмағын тұрақтандыруда денсаулық және тері үшін өмірлік маңызды болған азықтарды елеусіз қалдырмауға кеңес береді.

Мына аталғандар диета кезінде міндетті түрде тұтынуды керек ететін азықтар:

Фундук: Е витаминіне қаныққан және күшті антиоксиданды азық. Бұлшық еттердің әлсіреуінің алдын алады және нерв жүйесіне болымды әсер етеді.

Киви және Грейфрут: Бұлар С витаминінің қоры ең көп болған жемістер. Бұлар иммунитетті күшейтіп инфекциялы ауруларға жол бермейді және рак ауруына қарсы қорған болады.

Броколи: Рак ауруына және ас қорыту жолдары ауруларына қарсы қорғаныш болатын ең маңызды қорек.

Жаңғақ: Е витамині мол болғаны үшін антибиотик секілді әсерлі азық.

Балық: Холестерин мөлшерін түсіретін, лимфа ағымын ретке келтіретін өте пайдалы азық. Аптасына ең аз 3 рет жеп тұру керек.

Сарымсақ: Сарымсақ және пияздың инфаркт қауіпін, тас жиналу және рак ауруының пайда болу қауіпін азайтатыны дәлелденген.

Айран: В2 витаминіне өте бай, теріге, сүйекке және тістерге, нерв жүйесіне пайдалы.

Нан: Ақ нан, витамин және көмірсутек тұрғысынан ең құнсыз нан. Ал қара нан өте құнды және асқазанның жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Азық сапасы тұрғысынан да өте бай, тойымды, асқазанның жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, денеге минерал қорытылуына кедергі болмайтын, В витамині тұрғысынан да өте қаныққан кебегі алынбаған нанды тұтыну керек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Азамат

Мен ак нан орнына кара нан жеймин, кишигирим тамактан кейн киви, ал карным ашса фрукты жеймин. Содан 10кг 1 айда тастадым

Алия

Менде осы қара нанды жеп жүрмін өте тойымды жəне салмақ қоспайды екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз