Өмір болған соң ауыл арасында, ел ішінде, үй ішінде дау-жанжал, түсініспеушілік болмай тұрмайды. Мұндай жағдайда аузы дуалы, қазақ заңын, істің жөн-жобасын білетін әділетті билер шиеленіскен істі шешіп, төрелігін айтып, дауды бітіреді. Төре, яғни билік айтушы, болған істі екі жақтың да даугерлерін қатыстыра отырып қарайды. Екі жақты да мұқият тыңдап, куәларды да қатыстырады, сөйтіп, ақ-қараны шешіп, төрелігін беріп, билігін айтады. Төрелік - дәстүрлі заң, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан, билік жолымен бекітілген құқықтық тәртіп. Іс әділ шешілсе, оған әркім тоқтайды, ризалық білдіреді.
Қазақ заңында дау-жанжалды ел ішінен шыққан билер мен қазылар шешеді. Қазақ қауымында бидің орны мүлде бөлек. Би - өзі сот, өзі прокурор, өзі тергеуші, әрі ақтаушы. Төле бидің: "Елге бай құт емес, би құт", - деуі, халықтың: "Әділ бидің елін дау араламайды", - дегені осыдан шыққан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі