Жарнама

Тоңазытқыштың жұмыс істеу қағидасы қандай?

Қазіргі үйлерді тоңазытқышсыз елестету мүмкін емес. Бәрі тоңазытқыш суықты ішінде сақтайтындығын біледі. Сондықтан ішінде сақталатын азық-түліктер ұзақ уақыт бойы бұзылмайды. Тоңазытқыштың құрылысы қандай?

Тоңазытқыштың 4 негізгі құраушы бөлігі бар:

1. Хладагент – айналып жүретін және жылуды тасымалдайтын заттек. Хладагент ретінде фреон газы қолданылады.

2. Компрессор – насос қағидасы бойынша жұмыс істейтін және хладагентті шеңбер бойымен айдайтын мотор.

3. Конденсатор – ол арқылы жылу сыртқа, қоршаған ортаға шығады. Конденсатор – бұл тоңазытқыштың артқы қабырғасындағы тор.

4. Буландырғыш – ол тоңазытқыштағы жылуды алып шығады. Әдетте ьоңазытқыштың артқы қабырғасы буландырғыш қызметін атқарады.

Тұрмыстық тоңазытқыштың негізгі бөліктері:
1 - буландырғыш, 2 - конденсатор, 3 - кептіруші-фильтр, 4 - капилляр, 5 - компрессор

Компрессор буландырғыштың ішінен хладагентті жұтады. Бұл кезде хладагент бу күйінде болады. Компрессор қысыммен оны конденсаторға жүктейді. Хладагент қысымнан сығылып, газдан сұйық күйге ауысады. Сонымен бірге температурасы көтеріледі. Ыстық газ конденсатордың трубаларымен өткенде қоршаған кеңістікке жылуын береді және нәтижесінде бөлме температурасына дейін суиды.

Содан кейін өте тар саңлау арқылы (капилляр) хладагент буландырғыштың ішіне түседі. Оның қысымы бірден азайып, және соның арқасында хладагент буланады. Ол қайнап, буға айналады. Сонымен бірге ол қатты суиды. Нәтижесінде буландырғыштың қабырғасындағы жылуды алып, ал буландырғыш өз кезегінде тоңазытқышты және оның ішіндегі азық-түліктерді суытады

Осылайша, хладагент мына цикл бойынша жұмыс істейді: конденсатордың ішінде ол жоғары қысымның әсерінен сұйықтыққа айналады және жылу бөлу арқылы сұйық күйге ауысады, ал буландырғышта төмен қысымның әсерінен қайнайды және жылуды жұтып газға айналады.


Компрессиялы тоңазытқыштың жұмыс істеу сызбасы
1 - конденсатор, 2 - капилляр, 3 - буландырғыш, 4 - компрессор

Тоңазытқыштың міндетті түрде жылу реттегіші болады. Оның көмегімен тоңазытқыш камерасын суыту температурасы қойылады. Осы температураға жеткенде жылу реттегіші электр тізбегін ажыратады және компрессор тоқтайды.

Біраз уақыттан кейін тоңазытқыштың ішіндегі температура қайтадан көтеріле бастайды (қоршаған ортаның әсерінен). Сонда жылу реттегішінің түйісулері ажырайды және мотор-компрессордың электр қозғалтқышы қорғаушы реленің көмегімен іске қосылады. Тоңазытқыш ішіндегі температура қажет шамаға дейін төмендемейінше бүкіл цикл басынан қайталана береді.

Сондықтан тоңазытқыштың дүркін-дүркін шуылдап, кейін қайтадан тынышталғанын еститініміздің себебі осыда. Бұл компрессордың электр қозғалтқышының қосылып өшуі.

Кептіруші-фильтр хладагентті тазалау және кептіру үшін қажет. Кептіруші-фильтр ылғалды жұтатын заттекпен (силикагель немесе цеолит) толтырылған цилиндр болып келеді.  Хладагент сұйықтыққа айналатын жоғары қысымды жерден, қысымы төмен жерге барады. Ол жерде хладагенттің қысымы төмендеп және ол буға айналады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)