Cпорт миды тынықтырады - ғалымдар

Салауатты өмір салтын ұстанып, күніне бір мезет спортпен шұғылдану - денсаулыққа пайдалы. Бұлшықеттерді ширатып, сымбатыңды сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ спорт миды да тынықтырады екен.

Париж биологиялық зерттеу университетінің ғалымдары спорттың миға да пайдалы екенін зерттеп, арнайы ғылыми мақала жариялады. Олар арнайы зерттеу барысында спортпен шұғылданған адамның миына эндорфин гормоны көбірек бөлінетінін анықтаған. Ал эндорфин «бақыт гормоны» деп те аталады. Ол сіздің денсаулығыңызда маңызды рөл атқарады. Есте сақтау қабілетіңізді жақсартады. Адам жанын тыныштандырып, миды тынықтырады. Ғалымдар аптасына бірнеше күн спортпен шұғылдануды әдетке айналдыруды көпшілік қаперіне ұсынады.

Спорт - түрлі бас аурулары мен жүйке жүйесі дертінің алдын алуға бірден-бір себепші. Париж биологиялық зерттеу университетінің ғалымдары неғұрлым көп қимылдаған сайын мидың қызметі де жақсара түседі деген тоқтамға келіп отыр.

2014 жылы британдық ғалымдар да спорттың миға пайдалы екенін дәлелдеген еді. Олар адамдарды үш топқа бөліп зерттеу жүргізген. Алғашқы топқа спортпен мүлдем шұғылданбайтындар, екінші топқа кей кездері спортқа көңіл бөлетіндер және үшіншісіне үнемі фитнес-орталықтарға баратындар кірген. Зерттеу жұмысына қатысушылар үш жыл қатарынан медициналық тексерістерден өткен. Онда ғалымдар адамдардың миының жасушаларын зерттеген. Нәтижесінде, үшінші топтағы адамдардың өзгелермен салыстырғанда миының жасушалары азырақ жойылғаны анықталған-ды, деп жазады massaget.kz.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)