Өлең, жыр, ақындар

Мандарин туралы не білесіз?

Мандарин — цитрустар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл аласа ағаш. Отаны Қытай, атауы да қытайлардан келген. Ерте замандарда Қытайдағы бай, ауқатты адамдарға «мандарин» деген лауазым берілген екен.

Ерекшелігі – қыс мезгілінде тұмау, салқын тию және С дәрумені қажетті барлық ауруларға шипа болып табылады. Басқа цитрустарға қарағанда жапырағының сабағы жіңішкелеу және ол ең тез пісетін әрі көп жеміс беретін ағаш. Мамыр – шілде айларында гүлдейді. Гүлі ақ түсті, майда. Қараша – желтоқсан айларында жеміс береді. Мандарин – қоңыржай белдеулерінде өсетін тәтті, сулы және хош иісті жеміс. Апельсинге ұқсас ерекшеліктері бар және айрықша С дәруменіне өте бай. Құрамында А, В, Е дәрумендерімен қоса калций, калий, магний, натрий, темір, бром және фосфор минералдары бар. Ал қабығы Р дәруменіне бай.

Пайдалары:

- Қанды тазалайды.

- Жүрек пен тамыр ауруларына қарсы қорғаушы.

- Холестеринді және жоғарғы қан қысымын түсіруге көмектеседі.

- Қан тамырдың қатаю және сал ауруларына пайдалы.

- Жүйкені тыныштандырады.

- Кешкі астан кейін 1-2 дана желінсе, ұйқысыздық ауруына пайдалы.

- Иммунитетті күшейтеді. Жөтелге, тұмауға қарсы пайдалы.

- Ас қорытуды жақсартады.

- Теріні тазартады. Микробтарды жойып, асқазанды жұқпалы аурулардан сақтайды.

- Шөлді жақсы қандырады.

- Қан айналым жүйесін жақсартады.

Мандаринді жеміс күйінде және тосап күйінде жеуге болады. Қабықтарынан эфир майы жасалынады. Қабықтарын үккіштен өткізіп, кекс, торт секілді тәтті тағамдарға қосылып пісіріліп желінсе, жүрек және қан тамырлары ауруларына пайдалы болып келеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

aiko79

Тамаша кеңес

Шыңғыс

Рахмет күшті

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз