Ғалымдардың айтуынша: «Өзіңе деген сенімділік, күш-қуаттың артуы, күйзеліс, бақыт т.б» бұл тек біздің миымызда орын алған химиялық процестер болса керек. Оларға «бақыт гормоны» деп аталатын серотонин жауапты.
Bilim-all.kz серотонин деңгейін көтере отырып, өзіңді бақытты сезіну үшін не істеу қажет екендігін былайша сипаттайды.
Күндізгі жарық миға серотониннің көптеп келуіне түрткі болады. Сондықтан ғалымдар күн сайын 15-20 минуттық серуендеуді әдетке айналдыруға кеңес береді.
Серотонинді синтездеуге қажетті глюкоза: өз кезегінде серотониннің қалыптасуын жүзеге асыратын инсулин бөлінуін шақырады. Сондықтан тәттіге тәбетіңіздің артуы, ағзаңызда осы гормонның жеткіліксіздігінен хабар береді. Бал, жидек, жеміс-жидектер, орамжапырақ, сәбіз және жарма құрамы глюкозаға бай.
В6 және В12 дәрумендері серотониннің мөлшеріне әсер етеді. Зерттеулерге сәйкес олар күйзелістен шығуға көмектеседі.
Дәрумендерді бөлек ішу міндетті емес. Олар жұмыртқа, картоп, апельсин, астық, жарма, ет, қышқыл өнімдер мен балықтарда кездеседі. Ересек адамға В6 дәруменінің қалыпты мөлшері тәулігіне – 2 мг болса, В12 – 2,4 мкг.
Өзіңізді бақыттымын деп сендіру арқылы, сіз шын мәнісінде бақытты бола түсесіз. Ғалымдардың байқауынша ішкі түйсікпен позитивке даярлау серотонин мөлшерінің ұлғаюына әкеледі.
Зерттеулерге сәйкес достарыңмен арласу, тыныштандыратын әуен тыңдау, жағымды ностальгияға берілу, алға ұмтылдыратын кітаптар оқу және ешқандай мәселелер мен оның шешімін ойламау.
Ақуыз құрамында – серотонин синтезіне қатысты триптофан амин қышқылы бар. Ақзада триптофанның жеткіліксіздігі серотониннің жинақталуына мүмкіншілік бермейді, ал бізге – өзімізді бақытты сезінуге кедергі келтіреді. Бұдан құтылу үшін ақуыздың күндік нормасына сай: ересек адамдарға 1 кг салмаққа 1,5-2,5г қолданыңыз. Триптофан жаңғақ, ірімшік, халва, күрке тауық пен тауықта көптеп кездеседі.
Массаж – серотонин синтезі бұғаттайтын кортизол күйзеліс гормонынының деңгейін төмендетеді. Кортизол қаншалықты төмен болса, серотонин де соншалықты көп болады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей массаж кортизол деңгейін орташа 31%-ға төмендетеді.
Зерттеулерге сүйенсек, жаттығу кезінде триптофан түзіледі екен. Оның ағзадағы деңгейі жаттығудан кейін де жоғары күйде қалады. Дәл сондықтан да біздің жаттығудан кейін ұзақ уақытқа көңіл-күйіміз жақсы күйде қалады.
Күйзеліс кезінде ағзаның серотонин бөліп шығаруға мүмкіншілігі жоқ. Зерттеулер айтқандай, біз медитациялағанда босаңсимыз және күйзелістенген ми бөлігін белсендете түсеміз. Медитация – күйзелістен арылудың жақсы жолы, әрі ағзамызға серотонин синтездеуге табиғи түрде көмектеседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Токжан
Рахмет кенесинизге
Наргиз
жарайсыздар рахмеееет
Myrza
Өте тамаша!
Замира
Ең қажетті мақала екен! Стреске толы заманда ең керек мәліметтер! Жаттап алып өмірде қоладну керек! Рахмет! bilim-all.kz !!!!