сайыс
ozgetil.kz

Тартымдылығыңызды арттыруға көмектесетін 11 пайдалы кеңес

Айналаңыздағы жандардың көңілі cізге тартып тұрсын десеңіз осы кеңестерді назарыңызға ала жүріңіз.

Ақшасының, асқан сұлулығының, байланыстарының болмағанына қарамастан бойынан керемет энергия мен сенімділік тасып тұратын адамдар бар. Адамдардың өздері олардың тартымдылығының құрсауына қалай түсіп қалғанын байқамай қалып жатады.

Осындай тартымды адамдар өмірге құштар келеді. Дәл соларға жанындағылар көмекке келіп, кеңес сұрап, немесе жай ғана достық көңілін білдіріп жатады.  Ал ондай тартымылық қасиеті жоқтар, керісінше, жалғыздықта қалып: «оларды не тартымды қылады?» деген сұраққа жауап іздеп, шарқ ұрады.

Мұның құпиясы неде? Іштей өзіне деген сенімділігінде.

Тартымды адамдар өзіне деген сенімділігі сонша, басқалардың мақұлдауын қажет ете бермейді. Оларға ортақ тағы бір белгі  — олар күн сайын кері шегінбестен, алдына қойған мақсаттарына ұмтылып, жетпейінше тоқтамайды. Түсінгеніңіздей — тартымдыліқ жай ғана жолы болғыштық емес. Олай болса тартымды адамардың әдеттері мен қылықтарын зерттеп, сол қасиеттерді өз бойымызға дарытуға тырысайық.

1. Айналаңдағыларды құрметте

Мейлі ірі клиентпен келіссөз жүргізіп жатса да, даяшыға шырынға тапсырыс берсе де тартымды адамдар бұны асқан сыпайылықпен, құрметпен жасайды. Сонымен қатар ол, егер, біреудің басқа адамды төмен санап, менсінбеген сыңай танытқанына куә болса, бұндай әділетсіздікке жол бермесі анық. Өйткені тартымды адам айналасындағыларды бірдей құрметтеп, бірін артық, бірін кем көрмейді.

2. Платиналық ережеге ілесіңдер

Қарым қатынастың алтын ережесі — айналаңдағылар сенімен қандай қарым-қатынаста болғанын қаласаң, өзің оларға сондай қарым-қатынас жаса. Алайда бұл ереженің кемшіл тұсы да жоқ емес. Себебі, адамдарды әр түрлі нәрселер ынталанырады. Егер біреуге көпшілік алдында жасалған ұсыныстар ұнаса, енді басқасына елдің назарында болу әсте ұнамамайтыны ескерілмеген.

Қарым-қатынастың платиналық ережесі: айналаңдағыларға олар қалайтындай қарым-қатынас жаса.

Тартымды адамар адам табиғатын жақсы біледі. Сөйлесу стилін, жүріс-тұрысын, мінез-құлқын айналасындағылар үшін жайлы болатындай етіп икемдеп алады.

3. Бос әңгімелерден аулақ болыңыз

Біреудің қызығушылығына бола бос, мылжың әңгіме бастаудың қажеті жоқ. Кейде сондай түкке тұрғысыз әңгімені бастаған кезде, жаныңдағы адам бірден Сізден көңілі қалып, тіпті Сізге деген көзқарасы біржола өзгеріп кетуі мүмкін. Тартымды адамдар әңгіме бастарда, тіпті болмашы нәрселерден де терең мағына табуға тырысады. Олардың адамдарға деген қызығушылығы кез-келген сұрақтарға оңай жауап беріп, өмірдің түрлі салаларындағы өздері маңызды деп тапқан дүниелер жайлы әңгімелеуіне септігін тигізеді.

4. Айналасындағы адамдарға көп көңіл бөледі

Тартымды адамдар өзін қоршаған жандарға қызығушылықпен қарайды. Осының нәтижесінде ол өзі жайлы ойлауға көп уақытын жұмсамайды. Яғни өзгелер жайлы көп ойлағандықтан, өзінің бойынан мін іздеп, бас ауыртуға уақыт таппайды. Міне, сондықтан «тартымды болу» олар үшін еш қиынға соқпайды.

Осы әдет Сізге де дарысын десеңіз, смартофоныңызды шетке қойыңыз да, айналадағы адамарға назарыңызды аударыңыз. Сіздің жауабыңызға емес, олардың сөйлегеніне мән беріңіз. Адамдар өздері жайлы әңгімелегенде, оларға өзіңіздің қызығушылығыңызды көрсету үшін сұрақтар қоя отырыңыз.

5. Тым қатты тырыспаңыз

Тартымды адамдар әңгімелесу барысында өзінің ақылды, жолы болғыш адам екендігін айтып, жанындағылардың уақытын алмайды. Мақтануға тұрарлық ештеңесі жоқ емес, әрине. Мақтану олардың ойына да келмейді, себебі олар бәріне ұнағысы келетін адамның айналасына қаншалықты тартымсыз көрінетінін біледі.

6. Жай ғана пікір мен айқын деректің ара-жігін түсін

Пікір-таласқа толы тақырыптарғ атартымды адамдар өте мұқият араласады. Белгілі бір шекарасынан аттамайы. Мейлі ол саясат, жаһандық мәселелер, мұзықтардың еруі, міндетті екпелер жайлы болсын, олар пікірін жасырмайды, сондай-ақ басқаның пікірін тыңдап, оған құрметпен қарайды. Себебі, әр ақылы бар адамның осы сынды мәселелер жөнінде өз пікірі барын тартымды адамдар жақсы біледі.

7. Шынайы болыңыз

Тартымды адамдар шынайылықты ұстанады. Олар алдын-ала іс-әрекеттеріне жоспар құрып әбігер болмайды. Ешкімге жасандылық ұнамайтынын білетіндіктен, кез-келген әрекетін шынайылыққа негіздеп атқарады.

Адамдарға шынайы даралығы ұнайды себебі бұндай адамдарға сенім артуға болады.

Адамның шын мәнінде кім екенін, оның сезімдерін білмей жатып, оның кеудесінен итеруден оңай нәрсе жоқ екенін ескере жүріңіздер.

8. Әділ болыңыз

Әділ жандар қарапайымдығымен әрі ашықтығымен тартымды көрінеді. Негізінде әділ адам болу оңай сияқты, алайда, іс-жүзінде әділдікті сақтау әлдеқайда қиын. Өзінің әділігін көрсету үшін тартымды адамдар өзінің ұстанымына ілесіп өсек-аяңға жақындамай, ащы да болса тек шындықты айтады.

9. Күлімдеңіз

Адам сұхбаттасып отырған адамның айнасы тәрізді. Айналаңдағылар сізді тартымды деп тапсын десеңіз, күлімдеп жүріңіз. Сонда әңгімелесіп отырған адам әңгіме барысында сізден жағымды әсер алып отырады.

10. Өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсетуге тырысыңыз (бірақ тым артық кетпеңіз)

Тартымды адамдар өзін жақсы жағынан көрсетуге барын салады, бұл қонақ келердің алдында үйді жинап, тазалау сияқты — яғни мақтаныш үшін емес, жай ғана жанындағыларға құрмет көрсету болып саналады. Бірақ бір мәрте өзін жақсы жағынан көрсетіп, бұл жайды кейін есінеде алмай кетеді.

11. Өмірді сүйіңіз

Тартымды адамдар — өмірге құштар, әрі басқаларға бей-жай қарай алмайтын жандар. Олар ешқашан зерікпейді. Себебі, олардың өмірі қызықты сәттерге толы, әрі сол қызыққа ортақтасатын адамдарды қуана қабылдайды.

Бұл тартымды адамдардың уайымы жоқ деген сөз емес. Тіпті үлкен уайымы болса да, олар бұны «шешілмейтін қиындық» деп қарамай, «уақытша келеңсіздіктер» деп қабылдайды. Басына қиын күн түскенде тартымды адамдар: бұл тек сынақ — деп, ертең , не келесі аптады, я келесі айда бәрі жақсы жаққа қарай өзгеретінінен үміт үзбейді.


Тартымды адамдардың жанынан табыла беретін сиқырлы перизаттары болмайды. Бірақ, олардың осындай  жағымды қасиеттерді бойына дарытып отыратын әдеттері болады. Олар өзінен гөрі өзгені көбірек ойлайды. Сонысымен қоймай айналасындағы адамарды да тартымды қылуға септігі тиеді. Есіңізде болсын: Басқаларға қаншалықты көңіл бөлсеңіз соғұрлым өзіңіз тартымды көріне аласыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)