Басы: Дофамин, нейробиология және нейромаркетинг: неге қалау сезімін бақытпен шатастырамыз
Екінші бөлімі: Сұраныс бойынша бөлінетін дофамин
Үшінші бөлімі: Сіздің дофаминергиялық нейрондарыңыз неден бөлінеді?
Төртінші бөлімі: Дофаминнің әсеріндегі миыңыз: нейромаркетинг серпілісі
Бесінші бөлімі: Дофамин тыңшысына айналыңыз
Студенттерім әдетте жалықтыратын тапсырмаларды орындау кезінде музыка тыңдап, үзілістерде қызықты журналдарды парақтап, тв-ға бір сәт көз қиығын сала жүріп, дофаминдерін көтеретін. Ішпыстырарлық құжаттарды сүйікті кафелеріне апарып, ыстық шоколад ішіп отырып жұмыс істеді. Тапқырлықтың шыңы: бір бума лотерея билетін сатып алып, оларды бітпей қалған ескі шаруаларды істеу керек жерлерге шашып тастау болды. Басқа студенттер алыстан үміт етілген марапаттардың шынайылыққа айналуы үшін, өз армандары мен шамаларының шегін елестетіп көрді. Егер қандай да бір шаруаны өзіңізге ұнамағандықтан кейінге ығыстырып жүрген болсаңыз, оны дофаминергиялық нейрондарыңызды ынталандыратын нәрсемен байланыстыра отырып, сол іске кірісе аласыз ба?
Кіші ұлы университетті шамамен 10 жыл бұрын бітірген Нэнси қаңыраған үйде зерігумен болды. Дегенмен үй мүлде бос деуге келмейтін. Ол ұлының бөлмесін «артық» бөлмеге айналдырды да, жылдар өте бөлме қоймаға ұқсап қалды. Қайда жіберерін білмей қалған әр қажетсіз заты Нэнси «артық» бөлмеге қоятын. Нэнси сол бөлмені босатып, қонақ бөлмеге айналдырғысы келді. Алайда үй иесі есікті ашқан сайын жұмыс ауқымынан шошынып қалатын. Бөлмені тазалау оған азаптай болып көрінді, бірақ сыйдан дәмету пайда болған кезде, Нэнси мұның амалын тез-ақ тапты. Оны жаңа жылдық әндер мен мерекелік иістер сатып алушылардың көңілін көтеріп, сол арқылы олар дүкенде ұзағырақ жұріп алатыны жөніндегі зерттеу шабыттандырды. Көп адамға баяу үнмен «хо-хо-хо» деп әндету мен шыршаның иісі бастан өткерген марапаттардың ең кереметін: мереке қарсаңында оянып, сыйлықтарды алу үшін шыршаға жүгіруді еске салады. Нэнси тазалық жасау барысында өз-өзіне дем беру үшін, жаңа жылдық музыкалық жазбалар мен шырақтарды (оларды әдетте «артық» бөлмеде сақтайтын) алып шығуға бел буды. Міндет оған күрделі болып көрінгенімен, жұмыс істеу көңіліне жақты. Үрей жұмыстың өзінен де қорқынышты екен, ал көңілді де мейірімді дофамин оның сол іске кірісу үшін күш табуына көмектесті.
Дофамин тамаша мотиватор болуы мүмкін, тіпті ол бізді тәттіге немесе жаңа несиеге сындырғанда да бұл кішкентай нейромедиаторды зұлымдықтың өзі деп қабылдай қоймаймыз. Бірақ дофаминнің кері әсері бар, мұқият болсақ, оны тез байқай аламыз. Бір сәтке тоқтап, қалау сезімін бастан өткергенде миымыз бен тәнімізде шын мәнінде не болып жатқанына үңілсек, сыйдан дәметудің қаншалықты ғажайып болса, дәл соншалық сұрапыл екенін де байқаймыз. Қалауымыз әрдайым рахат сыйлай бермейді — кейде оның әсерінен жиіркеніш сезімі қаптайды. Өйткені, дофаминнің басты қызметі — бізді бақытты қылу емес, бақытқа ұмтылуға мәжбүрлеу. Мұның өзімізге зияны тиетін болса да, ол бізді аздап күштеуден тартынбайды.
Сізді құмарлықтың нысанын іздеуге ынталандыру үшін, қуаттау жүйесі қамшы мен тəтті деген екі құралын пайдаланады. Тәтті — сыйдан дәметтіру. Дофаминергиялық нейрондар бұл сезімді мидың басқа аймақтарына рахаттануды алдан дәмелендіруді және әрекетті жоспарлауды бұйырып тудырады. Бұл аймақтар дофаминмен шайылғанда, сізді алға секіртуге мәжбүрлейтін тәтті — қалау оянады. Бірақ қуаттау жүйесінің қамшыға қатты ұқсайтын екінші қаруы да бар. Қуаттау жүйесі дофаминді бөлгенде, ол сондай-ақ стресс орталығына да хабарлама жібереді. Мидың бұл аймағында дофамин стресс гормондарын босата бастайды. Нәтижесінде: сіз қалау нысанын дәметкенде алаңдай бастайсыз. Қалаудағыны алу қажеттілігі тірі қалудың мәселесі болып көріне бастайды.
Зерттеушілер шоколадқа құмартатын әйелдердегі қалау мен стресстің осы үйлесімін байқады. Шоколадтың суреті көрсетілгенде, олар селк ете түсетін. Бұл физиологиялық рефлекстің алаңдау мен қозуға қатысы бар — бұл жабайы аймақта жыртқыш аңды көргенде туатын сезім. Әйелдер қалау мен алаңдауды бірге сезінгендерін және сондай-ақ өз-өздеріне ие бола алмайтындай күйді бастан өткергендерін хабарлаған. Біз осындай күйге енгенімізде, қалауды дофаминді өндірген нысаннан, ал стрессті — бізде бұл нәрсенің жоқтығынан көреміз. Қалау нысаны ләззат алудан дәмелену мен күйзелісті де тудыратынын байқамаймыз.
Көбіміз дофаминдік қалаумен бірге келетін шынайы жағымсыз әсерден гөрі, жағымды әсердің уәде етілуіне көбірек мән береміз. Осы аптада қалауыңыздың күйзеліс пен алаңдаушылықты тудырған кезін байқауға тырысып көріңіз. Сізді бір нәрсе еліктіргенде, сыйдан дәмету сезімінне жауап қайтарасыз ба? Әлде, алаңдаушылықты азайтуға тырысасыз ба?
Ивонн көңіл-күйін көтергісі келгенде, сауда орталығына баратын. Ол сатып алған заттарының өзіне қуаныш сыйлайтынына сенімді болды, өйткені іші пысқан немесе мұңайған кезінде ол дәл осыны қалайтын. Ол дүкенге баруға қатысты туындаған алуан түрлі сезімдерін ешқашан байқамаған, бірақ жаттығуды орындап, мұны мұқият бақылап көруге бел буды. Ол барар жолда әлдеқайда бақытты болғанын байқады. Жолда келе жатқанда бойын үміт пен толқу сезімі биледі. Келген соң витриналарға қарай бастады, жақсы сезімде болды. Бірақ дүкенге кіргенде басқа сезімді бастан өткерді. Ол, әсіресе, адамдар көп болғанда, қиналғанын сезді. Барлық сөрелерді тезірек аралап шыққысы келді. Кезекте тұрғанда, ол шыдамсыздық пен алаңдаушылықты сезінді. Өзінің алдындағы адам тым көп зат сатып алғанда немесе тапсырысты кері қайтаруды толтырғанда, ол ашуланатынын сезді. Кассаға келіп, кредиттік картасын ұсынғанда, жеңілдеп қалғанын сезінгендей болды, бірақ бұл сатып алудан бұрынғы қуаныш сезімі емес. Ивонн сауда орталығына бара жатқандағы жолда бойын билеген үміт пен қуаныштың оны осында әкелген тәтті болғанын, ал алаңдаушылық пен ашу оны кезекте тұруға төздірген қамшы болғанын түсінді. Ал қайтар жолда дүкенге барар жолдағыдай қуаныш сезімін бастан ешқашан өткермеген.
Көптеген адамдар мұндай жағдайларды түсіне бастағанда, қанағаттандырмайтын сыйдан теріс айналады. Бұрын картопты чипсты көп жеген адам оған күмәнмен қарай бастайды, ал кешке дейін теледидарға телміретін көрермен құралды өшіруге бел буады. Ал Ивонн басқа стратегияны таңдады: ол витриналарды тамашалауын жалғастыра берді. Оған бәрінен де сауда орталығында болған ұнайтын, бірақ ақша шығындау әлдеқайда қиынға соғатын. Дүкенге ештеңе сатып алмаймын деген ниетпен шығып, ақшаны артық шығындаудан қашып, кредиттік карталарын үйде қалдырғанда, зат сатып алған кездегіден гөрі жақсырақ көңіл-күймен үйге қайтқаны таңданарлық жайт.
Сый деген нәрсеңіздің қандай сезімдеріңізді тудыратынын түсінгенде, ол сізге қажет пе деген сұраққа жауап бере аласыз... ал керек болған жағдайда қандайы керек екенін шеше аласыз.
Материалды жақсылап қорытып алыңыздар, соңғы бөлімі қалды...
Келесі бөлім: Марапаттан дәмелену сезімін бақыт деп ойлаймыз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі