Әркім-ақ, өмірінде бір рет болса да, шетелде оқыған қандай болады екен деп ойлап көрді. Бұны көптеген адамдар өмір бойы армандап жүреді. Міне, осы кезде алмасып оқу сияқты нәрсе көмекке келеді. Бұндай оқу арқылы қиялыңдағы елде біраз уақытқа сол елдік екеніңді сезінуге болады. Бұл мақалада бұндай оқу түрінің артықшылықтары айтылады.
Шетелде дүние жүзінің ең озық мектептері мен университеттері бар. Онда оқып, шынымен-ақ, өз салаңда үлкен жетістікке жетуге болады. Осы себепті, негізгі артықшылықтардың бірі — білім сапасы.
Шетелде, аз уақыт болса да, оқып жүріп, сол елдің адамы болып кетуге болады. Белгілі бір елде жүріп, дәл сол елдегі ахуалды сезініп, оның мәдениетімен етене таныса аласыз. Бұл біреу үшін балалық шағының арманы, басқа біреу үшін жай ғана қызықты өмірлік тәжірибе. Алайда, осылайша өз өміріңізді өзгерістерге толтырып, оған жаңа рең бере аласыз.
Белгілі бір елде болу, әсіресе онда оқып жүру — өзіңіз оқитын шетел тілін жақсы үйреніп алып, оны жаңа деңгейге көтеретін күшті мүмкіндік. Оның үстіне, бұны өз еліңнен гөрі шетелде жүріп іске асыру анағұрлым оңай, өйткені шетелдіктермен сөйлесіп жүріп, тілді бейсаналы түрде жақсы игеріп кетесіз.
Шетелге жалғыз кеткен кезде адамның дербестігі мен жауапкершілігі қалыптасатыны сөзсіз. Бір өзің жүріп-тұруың, өзің тамақ жасап ішуің, пәтерақысын төлеуің керек. Шетелде жүріп бұлай ету, әсіресе тілді білу деңгейі онша жоғары болмаса, оңайға соқпайды.
Адамдардың көбі үшін шетелдік досы болғаны арман ғана, бірақ шетелде тұрсаң, бұның еш қиындығы жоқ. Шетелдік адаммен дос болып кетіп, өмір бойы дос болып қалуға болады. Сонымен қатар, ол жақта өзіңнің теңіңді тауып алуың мүмкін.
Гарвард туралы шындық: құрылу тарихы, танымал түлектері мен билік орындары
Чехия университетіне қалай түсуге болады: қадамдық нұсқаулық
Австрияда білім алудың артықшылықтары мен болашағы
Гарвард туралы біле бермейтін 7 қызықты дерек
Аустралияда білім алудың артықшылықтары
Гонконгтағы оқуы мен өмірі, ондағы қиындықтары жайлы қазақ жігітінің әңгімесі
Шетелде білім алу: University of Strathclyde
«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетел жоғарғы оқу орнына қалай түсуге болады
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Бағжан
Негізі шетелге оқуға кету керек