Өлең, жыр, ақындар

8 млн ағаш егіп, 100 жыл бұрын оталып кеткен орманды қалпына келтірді

Адамды рухтандыратын оқиғаға куә болыңыз.

70 тердегі МС Дэвис қара жол шетіндегі тар трейлерден миллиондаған долларға дейінгі ұзақ жолды жүріп өтті. Ойын бизнесінде өзінің алғашқы капиталын құраған біздің кейіпкеріміз жерді және меншік құқықтарын сатумен айналысты.  

Осылайша ол миллиондаған доллар жинады… бірақ 20 жыл бұрын оның санасында төңкеріс болды.   

«Бұның бәрі мен көлік кептелісінде тұрған кезімде басталды. Жаңбыр жауып, жынып келіп тұрған, — дейді МС Дэвис. — Осы кезде мен «Қара аюды таныстыру» деген үлкен жазуы бар мектеп шатырын көрдім. Ол жерге не үшін барғанымды білмеймін. Флорида штатында қара аюлардың болған-болмағанын ойлап та көрмеппін».

Бұл балаларға арналған туған өлке туралы, табиғатымыздан айырылып қалатынымыз туралы, оны күтіп, сақтап қалу қажеттігі туралы кәдімгі дәріс екен. Бұл Дэвистің көзін ашқан жаңалық болып, ол экология тақырбына бұрын карта ойнағандағыдай құмарлықпен ден қойды.   

Ол экология жөніндегі кітаптарды оқи бастады және өзінің мал-мүлкін табиғатты қорғауға жұмсауды ұйғарды. Осыдан бастап бұл оның өмірлік ісіне айналды.

Дэвис жиырма жыл бойы ағаш материалдарын дайындайтын компаниялардан жерлерін сатып алып жүріп, 100 жылға жуық уақыт бұрын жойылып кеткен орманды қалпына келтіру үшін 90 миллион долларын жұмсады. Ол өзінің жобасын «Nokuse» деп атады, бұл атау үндістердің крик тайпасының тілінде «Қара аю» дегенді білдіреді.   

Дэвис сатып алған жеріне бұрын осында өскен саз-батпақты қарағайдың түрін тауып, оның миллиондаған көшетін отырғызды. 20 жыл ішінде ол адамдар 1930-жылдары құртып жіберген экожүйені толықтай қалпына келтірді. Адамдар 1930-жылдары ағаштарды түп-тамырымен шауып алып, ағаш материалдары ретінде пайдаланған болатын.  

Енді бұл жерде бүркіттер, тұйғындар, сілеусіндер, түлкілер, жанаттар сондай-ақ тасторайлар (броненосец) мекен етіп жүрген жаңа орман пайда болды. 

Бұл 300 жылға есептеліп отырған Nokuse жобасының басы ғана. Дэвистің өзі енді ұзақ жасай қоймас, ол 4-сатыдағы өкпе обырымен ауырады, бірақ оның ісін командасы жалғастыра береді. Миллионер барлық ақшасын өзінің экологиялық жобасын жүзеге асыруға және Флорида штатының оқушыларын оқыту үшін құрған экологиялық білім беру орталығын ұстап тұруға жұмсауды өсиет етті.   

«Мен сіздердің жасыңызға келгендерді өзгерте алмаймын, — дейді Дэвис жасы үлкендерге, — бірақ маған төртінші сынып оқушыларын берулеріңізге болады!..» Оның идеясы дәтке қуат беріп, езуіңе қуанышты күлім сыйлайды. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз