Жар-жар

Бұл бетте «Жар-жар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 2
  • 35544
Осы өмірге лайық отты жағып, жар-жар,
Келеді, әне, екі жас топты жарып, жар-жар.
Үлкені мен ауылдың жасы мұнда, жар-жар,
Жас келінді көруге асығуда, жар-жар.
Құтты болсын тойларың, замандастар, жар-жар,
Жаңалыкқа жар болып, қадам бастар, жар-жар.
Бірге аттаған босаға берік болсын, жар-жар,
Үйлеріңе құт-бақыт келіп қонсын, жар-жар.
Күндей күліп көктемгі көңілдерің, жар-жар
Қызғалдақтай құлпырсын өмірлерің, жар-жар,
Туған айдай толықсып толыңыздар, жар-жар,
Жаңа өмірдің жаршысы болыңыздар, жар-жар.
Қадамдарың, екі жас, құтты болсын, жар-жар,
Ақ отаудың еңсесі мықты болсын, жар-жар.
Ата-ананың үмітін ақтаңыздар, жар-жар,
Махаббатты мәңгілік сақтаңыздар, жар-жар.


Пікірлер (2)

Диляра

Өте керемет ән

Алиясқар Ақнұр

Рахмет керекті кезде тауып бердіңіз

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жар-жар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жар-жар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жар-жар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жар-жар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері