Өлең, жыр, ақындар

Терме

  • Bain
  • 29.04.2015
  • 1
  • 1
  • 16452
Ғақлы кәміл жігіттер,
Заманның көз сал халына.
Халыкыңның ойла файдасын,
Өзің үшін налыма.
Нашарларды жылатып,
Байлардың сатпа малына.
Көз жасына қаларсың,
Қарамасаң зарына.
Баса айтпасам болмайды.
Жүк тартатын нарыма.
Қайратың болса, ал көрсет,
Келді ыңғайлы жағыңа.
Бәйгеге қостым тұлпар деп,
Ұқсап жүрме жабыға.
Алдымен өлсең майданда,
Талас жоқ сенің бағыңа.
Көре алмаған дұспандар,
Ілесе алмас шаңыңа.
Басыңды тік бәйгеге.
Бір халқыңның ғамына.
Алаш деп ұран естілсе,
Кім бұрылмас қанына.
Фаһімлер деп айтамын,
Фарасатың барына.
Бұл уақытта кез келдік,
Заманның мұндай тарына.
Асықбасаң көрерсің
Мұны азсынсаң тағы да.
Хиянаттан бой тартып,
Шық ғаділет жағына.
Мұны істесең, шығарсың,
Абройдың тағына.



Пікірлер (1)

Аружан

Өте көп екен бірақ жақсы

Пікір қалдырыңыз

Жаңа тілек

  • 1
  • 3

Жаңа жылда жаңа тілек тілелік,
Ескі жылды есмере де жүрелік.
Кеп жүрмесін қайта айналып түнеріп,
Көзің жасты, көңілің қаяу, алашым!

Толық

Аяңыздар жетімді

  • 1
  • 5

Жақсы сізге, балалар,
Қысқы кеште рақат
Жылы үйде жайланып
Отырсыздар көңіл шат.

Толық

Мектептен

  • 1
  • 1

Мектептен қайтып балалар
Қызарып беті суықтан.
Үй алдында Майлыаяқ
Жатыр еді суықтан.

Толық

Қарап көріңіз