Өлең, жыр, ақындар

Мен-қазақпын

Мен қазақпын
Тәуелсіздік – бабалар армандаған,
Тарихтары әлі де талданбаған.
Мен- Қазақпын кеудесін жау баспаған,
Жаны үшін жауына жалданбаған.

Мен кешегі Ғұндардың ұрпағымын,
Тағы шертсем тарихтан сыр тағылым,
Мен- Еділмін елі үшін еңіреген,
Көкрегінде оятқан ұрпақ үнін.

Мен- Түркімін, мақтанам құр телінбей,
Түркі десем тұра ма жыр төгілмей.
Өтүкенді киелі қоныс қылған
Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегіндей.

Жәнібекпін, Кереймін... Қазақтығым...
Хандығымнан басталған азаттығым.
Мен- Төлемін, Қазыбек , Әйтекемін,
Мен -Қазақпын! Бұл менің – ғажаптығым!

Мен -Қасыммын, Тәукемін, Абылаймын,
Мен -Кенемін жаралған жаным – айбын.
Қабанбаймын қубаспен атой салған,
Мен ағынан жарылған Ағыбаймын.

Мен - Мағжанның жырымын сылдырлаған,
Әміренің әнімін сыңғырлаған.
Мұстафа мен Ахметтің арманымын,
...Арманымын ұйқысыз түнді ұрлаған.
.
Мен- Бауыржан, Қасыммын, Рахымжанмын,
Фашизмге оқ болып атылғанмын.
Мен - тың болып жыртылғам алқа- салқа,
Мен- байлықпын шет елге сатылғанмын.

Мен -Қайратпын, Ләзәтпын, Сәбирамын,
Жоғалтпаған жетпіс жыл, ар- иманын.
Мен -Тоқтармын, ғарышпын, кеңістікпін...
Мен- Қазақпын жазылмас қағидамын.

Жыры осылай демеңіз жас баланың,
Жыр жазудан қалмады басқа амалым.
Мен асқақпын, байрақпын көкке өрлеген,
Мен - Қазақпын! Мен асқақ АСТАНАМЫН!



Пікірлер (6)

OljasBolatbek

Керемет, керемет Бас жүлдеге лайық-ақ өлең екен! 

Дилназ

Отан аркашанда бырншы. Сол себепты осы олен бас жулдеге лайык.

Нұрсұлтан

Онша емес

Анель

Нұрсұлтан, өзің жазып көрші)) Көрейік қалай жазатыныңды

kaldikiz

Керемет

Дариғи

Нұрсұлтан, ел қамын жейтін бір ұл туса, оны сүріндіретін он ұл туады демекші сен сол он ұлдың қатарынан болғаның ғой

Пікір қалдырыңыз

Жаңа жылда-жаңа жыр

  • 2
  • 1

Ескі менен жаңасы кескілесіп,
Тағы да бір жыл кетті көшке ілесіп.
Жадыраттың жаңа жыл жанымызды,
Өткен жылғы өкініш кетсін өстіп.

Толық

Қарап көріңіз