Өлең, жыр, ақындар

Сарбарпы бұлбұл (ІІ нұсқа)

Баяғыда Сарбарпы аталған сайрауық құс болыпты. Өте сұлу Сарбарпы сайрағанда ұшқан құс қонып, жүгірген аң тоқтап, естіген адам ұйып тыңдайды екен. Сондай қасиеттерін — сұлулығын да, сайрауықтығын қызғанған құрлықтағы жылан атаулы бұлбұлдың балапандарын жеп қоя беріпті. Сарбарпы енді ұясын судың жағасына салады. Мұнда су жылан тыныштық бермепті. Көкте қырғи, жерде жылан тұқымын құрта берген соң зар еңірей сайрапты. Оның сайрағанын су тартылып, күн тұтылып, тау шайқалып, дауыл көтеріліпті. Бірақ ешбір аң немесе құс жәрдем жасамапты. Сонда бір аңшы көріп, естіп, Сарбарпы бұлбұлды әлгі озбырлықтан құтқарыпты. Өзінің үйіне әкеліп, төрінде бағыпты. Содан бастап Сарбарпы бұлбұл адамның айнымас досы, жыршы құсы болыпты...

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз