Өлең, жыр, ақындар

Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым...

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 3
  • 33070
Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым
Ұстай алмадым,
Өткізіп қойып уақытын.
Сансырап, шаршап жүргенде,
Біреу тап келіп,
Қақты да кетті,
Айылы мықты, аты тың.
Тұратын еді,
Қол созым жерде, қарға адым
Қамсыздығымнан, қайтейін,
Ұстай алмадым.
Ғанибет етіп, тірлікке мына алданып.
Өлген жоқ бірақ,
Бақытқа деген арманым.
Ырзамын өзім тіршілік етіп жүргенге
Кімдерге жақпай.
Аяулы болып кімдерге
Бақыт дегенің - өмір кешу ғой білгенге,
Келуі де оңай,
Кетуі де оңай бір демде...



Пікірлер (3)

батай

ерекше адамның ерекше өлеңдері ! Ондай адам 100 жылда 1ак туатын шығар№

Әдемі

Жақсы болған

Айша

Мұқағали Мақатаевтың Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым... маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Зираттағы жыр

  • 1
  • 2

Сәлем бердік,
Бейтаныс жолаушылар!
Жолаушылап, шаршаған боларсыңдар.
Анау қырдың астында менің аулым,

Толық

Өмірімді несіне жек көремін

  • 1
  • 8

Өмірімді несіне жек көремін,
Ауыр-жеңіл болса да өткеремін.
Өмір қашып барады құсқа мініп,
Мен артынан жетем бе деп келемін.

Толық

Тау бұлағы да ағады

  • 1
  • 4

Тау бұлағы да ағады,
Ой бұлағы да ағады.
Әрқайсысы өзінше тепкілейді жағаны.
Бірі жылжып барады,

Толық

Қарап көріңіз