Бір түлкі жортақтап тамақ іздеп келе жатып, биік ағаш басында тұрған тауықты көреді де бұл тауықты алдап қапқаныма түсірейін деп ойлайды.
Түлкі:
— Тауығым, неге отырсың биікте? Жерге түс, тілімді алсаң, дос болайық, осы жерде намаз оқып алайық, ойнап-күлейік, — дейді.
Тауық:
— Рас айтасың, түлкім, бесін намазының мезгілі болып қалды, анау жерде имам жатыр, оята ғой, — дейді.
Түлкі қуанып кетіп, биіктегі тауықты жей алмасам да жердегі тауықты жеймін ғой, — деп жүгіріп барса, бір тазы ұйықтап жатыр екен, тұра түлкіні қуады. Түлкі қаша жөнеледі, тауық оны намазға шақырады: «Байтал түгіл бас қайғы». Тазы түлкіні қуып жетіп, алқымынан алады. «Біреуге ор қазба, өз басыңа келер» деген. Япырмай, тауық қандай, түлкі қандай, түлкіні тауық па еді алдағандай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі