Өлең, жыр, ақындар

Парасатты мектеп — болашақ мектеп

2019 жылғы  желтоқсан  айында  пайда болып, бүгінде  дүниежүзін  дүрліктіріп  тұрған  короновирустың ресми атауы СOVID -19.Қазақстанға  жеткен соң, елде  қауіпсіздік  шаралары күшейтіліп , мектеп  жұмыстары  қашықтықтан  жүргізіле  бастады.  Осы орайда 2020 жылдың сәуір  айының 27-ші  жұлдызында Алматы қаласы Алатау ауданы №151 ЖББМ «КММ» негізінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстарының қорытындысы бойынша Алматы қаласы, ҚР сыбайлас жемқорлыққа іс қимыл агенттігінің Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің басшысы К.А.Токушев, Алатау аудандық ББ басшысы К.М.Акмурзаева, Алатау ауданының мектеп басшылары және №151ЖББМ директоры Г.Ж. Молдабаева және  осы бағыт бойынша құрылған мектептің жұмыс тобы «Парасатты мектеп-болашақ мектеп» бейне-конференциясын өткізілді. «Парасатты мектеп» бойынша кабинетпен таныстырып, клуб мүшелерінің қамқоршылық кеңесі мүшелерімен, ата аналармен, Шапағат ы.а тұрғындарымен тығыз жұмыс жасалу барысы, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата- аналар толық ақпаратты мектептің дәлізінде орналасқан қабырға бұрышында сенім телефондары, «Nur Otan» қоғамдық қабылдауына, мектеп директорының әлеуметтік желі блогына да ашық хат жазуға  толықтай мүдделі екені айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бойынша мектеп қызметкерлерімен атқарылған жұмыстардың нәтижесі, мұғалімдермен атқарылатын жұмыстың жоспарымен, бұйрықтар негізімен, «Заңнамалар» топтамасымен ұстаздар арасында өткізілген жиналыс, лекториялар  барысында жасырын түрде сауалнама алынып, стандарт бойынша ұстаздарды таныстыру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұратынын айтылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары бойынша құрылған комиссияның жұмыс жоспары, құжаттары сөз болды. Конференцияға қатысушылар № 151 ЖББМ-тің   2019 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейінгі аралықтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қауіптің ішкі талдауымен таныстырылды.

 «Адал ұрпақ» еріктілер клубы 2017  жылдан  бастап өз  жұмысын  атқарып  келе жатқан  клубтың мүшелігінде қазіргі  таңда  мектебімізде 1800 оқушы болса  соның ішінде 800 оқушы клуб  мүшелігінде екені жақсы көрсеткіш. Атап айтсақ жыл  бойында отыз  шақты атқарылған  сынып сағаттар, флешмоб, акциялар, сурет салу, бейнеролик байқауы  жылдық жоспарға сай жүргізіліп, оның  ішінде  бүгінгі  тақырыбымызға  сай «Жемқорлыққа- жол жоқ», «Вместе  против  коррупции» «Антикоррупционный сказки»,  «Адал және сатылмайтын  еңбек» тақырыптары,  «Адал Дүкен» жұмысы бойынша  әртүрлі іс – шаралар өткізілетіні туралы сөз болды.  «Адал ұрпақ» ерікті  мектеп клубы 3 секция бойынша жұмыс  жасайды. Осы   бойынша жауапты жетекшілер атқарылған жұмыс бойынша есебін көрсетін, клуб мүшелерінің саны тоқсан бойынша өзгеріп өсіп келе жатқаны қуантарлық жағдай екенін атап өтті. Бейнеконференцияға  қатысушылармен психологиялық  «Сыйлықтар»  тренингі болды. Тренинг  барысында әр  қатысушыларға суреттер  көрсетіліп, қатысушылар  бір суретті  таңдап сол сурет бойынша қандай  қауіп – қатер тобына  жататындығын көрсетіп, түсіндірді. Қорытындылау сөз кезегі бейнеконференциямыздың  қонағы  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Республикалық  «САНАЛЫ ҰРПАҚ»  жобалық кеңсесінің басшысы - Токушев Кайыржан Ахметбекович «№151 ЖББ мектептің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстарға баға беру»  бойынша өз  ойымен  бөлісті. Өз кезегінде өткізілген бейнеконференция нәтижесі бойынша мектеп әкімшілігіне ризашылығын білдіріп, жұмысты осы бағытта жалғастыруды мақұлдады. Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс- қимыл  заңнамаларын  дұрыс орындау және  сыбайлас  жемқорлықтың алдын  алу бойынша мектеп  жұмысын  одан  әрі  жетілдіру  жөнінде ұсыныстар айтты. Токушев Кайыржан Ахметбекович  мырза  мектебіміздің  жұмысын  өте  жоғары  баға  беріп, ауданымыздың  мектеп басшылары  қазіргі  таңдағы  қашықтықтан оқуымызға  қарамастан, аудан  көлемінде өткізілген  іс – шара бойынша көптеген  жақсы жұмыстарды өздеріне түрткі етіп алатындарын айтты.

Молдабаева Гульшат Жаксылыковна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз