Өлең, жыр, ақындар

XXI ғасырда жырлардың қайта жаңғыруы

Жыраулық өнер өзіміздің домбырамен бірге жүрмесе, оның мәніде сәніде кететіні сөзсіз. Көптеген жыраулармыздың өлең шумақатары қазіргі күнге бірі жетсе бірі жетпеген-ді. Бірақ өлең-сөзі жеткенімен домбырада ойналу темпі мен ұйқасы жетпеген.

Қазіргі уақытта Бекболат Тілеухан ағамыздың халыққа таратып танылып жүрген жыр-өлеңдерінің бірі Қазтуған жыраудың «Қайран Еділ» жырын алып қарайық. Тарихтан білетініміздей «Қайран да менің Еділім» - деп, Еділден көшкен Қазтуғанның зары, өкініші болатын. Музыка саласында жақын адамдар, сөзі Қазтуғанның болса да, ойналған ырғағы Қазанғаптың «Көкіл» атты күйін байқайды. Ал, ол күйдің түп тарихына үңілетін болсақ.  Қазанғап пен Үсен Төренің жолығуына жатыр. Қысқаша баянадасақ ол оқиға былай болыпты: Қазанғап өзінің Құрмағали атты шәкіртімен керуен жүріп бара жатқанда, Үсен төренің ауылын байқап сәлем беріп келейін деген ниетпен, құдай қонақ болып, Үсен төреге тартқан көкейге түскен күй деп  «Көкіл» атанып кеткен. Осылай Қазанғаптың күйімен Қазтуғанның өлең сөздерін қоса, жыр қайта жаңғырды.

Ақтамбердінің «Күлдір-күлдір кісінетіп» атты толғауын қарастырайық. Сөзі сақталғанына қарамастан, домбырада ойналуы сақталмаған жырлардың бірі. Бекболат ағамыз бұл жырды қайта жаңғыртқан-ды, ол толғауды консерваторияда оқып жүріп, сахнада орындағаны көбіне мәлім емес, ал бірінші болып орындаған ұстазы Жәнібек Карменов болатын.  

Күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз – деп басталатын рухты жырдың ұйқасы, Сүгірдің «Ыңғайтөк» атты күйінде жатыр.

Зар-заман жырауы Мұрат Мөңкейұлының «Үш қиян» атты жырының үзіндісін орындап баяу ырғақпен Доспамбет жыраудың «Айналайын Ақ Жайық» жырына ауысатын тағы бір Бекболат Тілеуханның «Еділді келіп алғаны» деп аталатын жыр-өлеңін қарастырайық.

Еділді келіп алғаны, етекке қолды салғаны,

Жайықты келіп алғаны жағаға қолды салғаны,

Ойылды келіп алғаны ойындағысы болағаны

-деп басталатын орындаудың, түп негізі «Үш Қиян» өлеңін айта кету қажет. Орта буынында:

Аққан бұлақ сай-салаң,

Шытырман тоғай айналаң,

Жоның жайлау кең алаң,

Атам қонған кең далам,

Мендей сені қызғанар,

Бауырыңда өскен бай-балаң?

-деп жалғасатын жері, Дулат Бабатайұлының «Ақжайлау мен Сандықтас» өлең жолдарынан құралады. Соңы болса атап кеткен Доспамбеттің:

Айналайын Ақ Жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?!

Еңсесі биік боз орда

Еңкейе кірер күн кайда?!

-деп жалғасып бітетін буыны тағы бөлек бір өлең жолдарынан құралады. Енді осы жерден ойланып қарасақ бұл үш жыраудың өлең сөздерін өз ырғағына сыйдыратын мақам бар екен? Бұл жерден тағы да Қазанғаптың күйін байқаймыз. Қандай күй дессек ол – «Құс қайтару» деген күйі.

Бұл жерде Бекболат ағамыздың жыр етіп танытып жүргенімен, бірінші болып ұйқасын келістірген ұстаздарын айтқан да жөн. Күйші де, жырау да өте ауыр әрі жауапты іс. Еш өзгеріссіз жеткізген күйші мен жыршы, жырауды ғана дәстүрлі ән-күйші деп атайды. Ондай абыройға кенелу әр қазақтың қолынан келе бермейді. Мысалы, батыс өлкесінде күйші деп атану үшін, Ақжелен деп аталатын 62 күй түрін тарту шарт болатын-ды.

Жыраулық мектеп қалап кеткен Наурызбек жырауды да баса айтқан жөн. Оның ұлдары мен шәкірттері: Өсербай Сәрсенбиев, Абай Наурызбекұлы. Олардан басқа, Аманқос Садықов, Әбділхамит Райымбергенов, Нұрым Асқанов, Қатимолла Бердіғалиев, Фархат Оразов, Ұлжан Байбосынова және т.б. жыршыларды көзі тірісінде бағалап, біліп жүрген жөн.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дінтану мамандығының студенті Куан А., аға оқытушы Тунгатова Ұ.А.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар