Өлең, жыр, ақындар

Оқу жылы басталғалы қанша оқушы коронавируспен ауырды

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мектеп оқушылары арасындағы коронавирус жұқтыру статистикасын жариялады.

«Оқу жылы басталған сәттен бері 7 571 оқушы коронавируспен ауырды. Оның ішінде 2158 оқушы – оффлайн режимде, 5413 – онлайн режимде білім алған. Үшінші тоқсанда 3 597 оқушы ауырып қалды. Оның ішінде 1111 – оффлайн, 2486 бала – онлайн режимде оқитындар», – деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тілші сұрағына берген жауабында.

Бұған дейін Айжан Есмағамбетова 2022 жылға дейін маска тағу қажеттігін айтқан еді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар