Өлең, жыр, ақындар

Комплексте есептің орны

Комплекс жүйесінде «Ана тілі», «Жаратылыс», «Жағырапия», «Есеп» деген бөлек пәндер болмайды, бәрі қосылып, үндесіп, жымдасып, белгілі тақырыпта о жақ, бу жағынан түсіндіруге көмекші болды деді. Соның бәрін күн сайын, сағат сайын араластыру керек пе? Жоқ, бір тақырыпты өткенде салалардан араластырса болмай ма?

Алғашқы кезде, оқушылар комплекске жете түсіне алмай, күн сайын, сағат сайын, кішкене болса да, түйдектеп араластырып оқытам деп азаптанған. Ол дұрыс емес. Комплекс бір сағаттың ішінде түрлі пәндерді түйдектеп, оқытуды тілемейді, тек тақырып әр жағынан қаралып, толық зерттеліп, жұмысталса болғаны, жаттығу жұмыстарына (оқуға, жазуға, есеп шығаруға) өте-мөте балалардың оқуға, жазуға, есепке шорқақтығы көрінсе соны қылу керек. Комплекспен оқытқанның жөні осы екен деп әңгімеден әңгіме туғызуға салып, уақытты бос өткізу жарамайды. Ол онымен, ал комплексте үйретуге оңай көнетін де, көнбейтін де нәрселер бар. Тіл сабағы, жаратылыстан, жағырапиядан, физикадан кіретін мағлұматтар үйлестіруге оңай көнеді. Есеп, сурет, ән-күй, ойын, дене тәрбиесі сияқты үйлестіруге көне бермейді, реті келмейді, материал табылмайды. Онда не істеу керек? Жөні жоқ нәрсені алыстан соғып, бұрақтатып келтірем деп әуреленбеу керек. Әсіресе, ән-күйді, ойынды, дене тәрбиесін, суреттің комплекске келетін де, келмейтін де жері бар. Бұл айтылғандар күнде болып отырмайды, сирек келеді. Жиі келетін сабақ есеп. Есепті қалай үйлестіру керек? Соны сөз етіп көрейік:

Аздан көпке, оңайдан қиынға, жақыннан алысқа қарай жылжып оқыту заңы әр пәнге қолданылады. Есептін де сондай жолы бар. Әуелі оның ішіндегі сандардың қосуы, содан кейін алуы, содан соң көбейтуі, артынан бөлуі үйретіледі. Сонан соң барып, 20-нын, 30-дың... ішіндегі сандарға осыны істейді. Қосындының да қосуы бар: әуелі (1 + 1, 2+1, 3+1...) бір-бірден, онысын (1+2, 2+2, 4+2...) екі-екіден, сонан кейін (1+3, 2+4, 3+3, 4+3...) үш-үштен, төрт-төрттен, бес-бестен қосып, онға жеткізу керек. Салғаннан 4 пен бесті қостыру заңға, әдіске, жүйеге келмейді, әрбір амал осылай үйретілу керек. Есеп кітаптарындағы сандар, мәселелер осы жолмен тізілген. Комплекспен оқытқанда да әрі есептін осы өз жүйесін қолдану керек. Әрі төңіректегі нәрселерді (тақырыпты) жақсы түсінуге (өлшеп, санап, салыстыру арқылы), есеп көмекші болу керек. Күндегі тақырыпшаларға үйлестірем деп, мұғалім есепті, мәселені өз ойынан шығаратын болса, осы айтылған екі шартқа тура келтіре алар ма? Келтіре алмайды. Қиын. Тақырыпшаға үйлестірсе, есептін өз жүйесінен шығып кетіп, балаларға бұрын ұшырамаған сандарды беріп қалуға, есептің өз жүйесімен оқытуға, тақырыпшасы көнбеуге мүмкін.

Оның үстіне күндік тақырыпшалардың бәрінен бірдей есеп мәселесін туғыза беруге болмайды. Мысалы: күндік тақырыпша «Кірден сақтану» (1 жылдық, 3-тақырыбы) екен. Кірдің неден болатынын, зиянын, тазарту шараларын сөз қылуы екен. Кірден қандай есеп туғызуға болады. Кірдің қалыңдығын есептей ме? Бүргесін санай ма? Көйлек-көншегін неше күнде ауыстырып киюді мөлшерлей ме? Есептеген күнде одан не мән шығады? Түк шықпайды. Осындай кезеңдер көп ұшырайды.

Жеке есептін мәселесін ойлап, цифрларын жүйемен келгендей қын шығаруға мұғалімдердің шамасы келмейді. Есеп кітабын әуелде есепке жетік (математик) адам шығарады. Мұғалім біткен математик емес: кітап шығара алмайды, бір мәселенің сөйлемдерін, сөзін, цифрларын мінсіз қып үйлестіріп табуға, жазуға қанша уақыт керек. Мәселеде ешбір артық, түсініксіз сөз, оғаш цифр, қолайсыз амал болмау керек. Ол кім көрінгеннің қолынан келе бермейді.

Тағы бір тақырыбымызды айтайық. Есегі, мәселе дегеніміз – жұмбақ қой. Жұмбақ шешкенде, бала көбінесе сөзін, маңызын емес, шешуін ойлайды. Мәселені шешкенде де балалар бірден оның сөзін, мәнісін керек қылмай, қай цифрмен қай цифрды қосып-көбейту, алу жағын ойлап, санауға, есептеуге әулігіп кетеді, бар ынтасы қайтсе «шығаруда» болады. Шығарған кезде болмаса мәселенің сөзі, мәнісі баланын есінде көгі қалмайды, өйткені санның, есептің ойы деген өз алдына бір ой ғой. Олай болса, есепті комплекске үйлестірем деп әулігуден мәз мән шықпайды-ау деп, ойлаймыз.

Бірақ тақырыпқа есепті үйлестіру керек болатын кезеңдер де бар. Бірдеңенің ұзындығын, көлденеңін, көлемін, аумағын салмағын, жан-жануардың, астықтың өсімін, малдың, адамның азығын, еңбекшінің табысын, жабайы аспап пен тетікті (машине) аспап жұмысының өнімін, аурудың, сауатсыздық санын есептейтін, шамалайтын, салыстыратын кезеңдер келіп қалады. Ондай ретте есепті комплекстен бір жола шығарын тастауға тағы болмайды.

Өз жанынан мәселе ойлап шығаруға мұғалімнің шамасы келмейтін болса, есеп кітабынан қарызданып пайдалану керек. Қалай ғып, цифрлары есеп кітабындағы балалардың келген жерінен алынып, сөзі тақырыпшаға үйлестіріліп алыну керек. Есен кітабындағы мәселенің тақырыпшаға сөзі үйлесіп, цифрлары келмейтін болса, сөзін алып, цифрларын өзгерту керек. Қалайда әрі есеп оқыту әдісіне, әрі тақырыпшаға тура кету жағы ескерілген жөн. Есеп оқытудың әдісін сөз қылып бұл жерде мақсатымызда жоқ. Әйтсе де бір басып өтетін нәрсе: бір мұғалім класты оқытқанда, бос қалған класқа көбінесе мәселе беріп қояды: балалар мәселені жазып есептейді. Бұл әдет тегінде дұрыс емес. Есеп үйрену ме үшін керек? Адамның тіршілігінде күндегі керек-жарағын тез есептей білуге керек қой. Бірдеңесін есептей қоюға, кісінің қағаз-қарындашы үнемі дайын тұра бермейді. Қашанғы шұқылап отырады. Олай болса мектеп баланы ауыз есепке жетілдіру керек екен. Жазуға сүйене беру жарамайды екен, мұғалім көбінесе ауызша есептерге, тек қорытындысын ғана жаздыруға тырысу керек. Шығаруы оңай мәселені солай қылу керек (жүре-жүре қиынға да соңы істер) – қазақ тіліндегі есеп кітаптарды комплекске қолдануға қолайсыз келер. Үйткені олар комплекске арналып жазылған емес. Тегінде оқу кітаптары кеңседе отырып одан-бұдан құрастырылып ойдан шығарылып, долбармен жазу керек емес, мектептердің программасына жанастырылып, сондағы оқыту тәсілдеріне сүйеніп жазылу керек. Бұлай болмағандықтан кітаптардың көбі мектептерде қолдануға – қарамсыз боп қалады. Кітап жазушылар ауылдағы мұғалімдер арасынан шықпай, немесе кітап жазам деген кісі. сол бастауыш мектепте бала оқытып көрмей тұрып, мектептердің мүддесіне, мақсатына тап ете түскендей кітап шығу қиын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер